ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

«Кинобизнес»: «Нартай» фильмінің түсірілімі және алдағы тұсаукесері

Киножобалардың бірінші питчингінің қорытындылары бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 17 картинаны іске қосты. Төрт фильм өткізілген, ал оның ішіндегі біреуі прокаттан сәтті өтті.Қазіргі уақытта «Возвращение учителя» («Tanaris Production» ЖШС) фильмінің жұмысы аяқталуға жақын, сондай-ақ Денис Теннің сценариі бойынша түсірілген «Слепая любовь» картинасы («Денис Теннің қоры» ҚҚ) және шытырман оқиғалы «Нартай» трагикомедиясы («Eurasia Film Prodution» ЖШС) дайын.

 «Нартай» фильмінің жұмысы төрт жыл бұрын басталып, өткен жылдың соңында аяқталды.  2019 жылдың маусымында өткен бірінші питчинг қорытындылары бойынша  фильмді ішінара Киноорталық қаржыландырды.

- Біз картинаны мамыр айының басында, яғни Отан қорғаушылар күніне орай шығарғымыз келді, бірақ карантин өз түзетулерін енгізді, – дейді фильмнің режиссері және продюсері Гүлнәр Сәрсенова. Содан кейін қыркүйек айына жоспарладық, бірақ киноөндірістегі бүгінгі жағдайды ескере отырып және отандық кинопрокатты барынша қолдау мақсатында біз «Нартай» фильмінің релизін барлық кинотеатрлар ашылуға тиіс шілде айына қойдық.

«Нартай» фильмінің жұмысы жайлы толығырақ, сондай-ақ бас әйел рөлін орындаушы актриса Анна Старченкомен сұхбатты «Хабар 24» телеарнасындағы «Кинобизнес» бағдарламасынан көре аласыздар.