"Еуразия" бірінші арнасы: кинематографистердің дөңгелек үстелі

Қазақстандық режиссерлар, сценаристер мен актерлар дөңгелек үстел жұмысы барысында айтылған отандық кинематографты дамыту жоспарына қолдау білдірді. Киноцехтің барлық жұмыскерлерін біріктіру бастамасын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы көтерді. Мұнда ҰКҚМО басшысы Гүлнар Сәрсенова саланы таяу болашақта күтіп тұрған барлық жаңа енгізілімдер туралы айтып берді. Солардың бірі – елдегі кинотеатрлар санын арттыру және шағын қалалар мен селоларда олардың құрылысын салу жөніндегі белсенді жұмыс. Қазақстан өңірлерін киноландыру туралы толығырақ - "Еуразия" бірінші арнасы журналистерінің материалында.