Қазақстан киножылы 2019 қорытындысы

Гүлнара Әбікеева «Кинематография туралы» заң, жылдың басты туындылары және шетелдік кинобайқауларда топ жарған қазақстандық фильмдер жайында.

Бұл жылдың басты қорытындысы «Кино туралы заңның» қабылдануы және Ұлттық киноны қолдау Мемлекеттік орталығының құрылуы болып табылады – бұл, қаншама жылдар бойы арман болған нәтиже, және бұл, біздің кинематографистерімізге ашық байқау – питчинг негізінде фильм түсіруге мемлекеттік қаржыландыруға ие болуға мүмкіндік береді.

Бұл екі мәселенің шешімін табуына стратегиялық және замануи тұрғыда ойлай білетін жас продюсер әрі режиссер Ахат Ибраев үлкен үлес қосты.

«Қызғалдақ» және «Моңғол» фильмдерінің продюсерлік жасағаны үшін «Азияның ең үздік жыл кинематографисті» атағын жеңіп алған продюсер Гүлнара Сәрсенова орталыққа басшы болып тағайындалғаны өте тамаша болды. 2008 жылы «Қызғалдақ» фильмі Канн кинофестивалінде «Айрықша көзқарас» бағдарламасында Гран-при жеңіп алды, ал «Моңғол» «Оскардың» шорт-парағына енді (номинациясына ұсынылды ред.).

Ол тәуелсіз продюсер болып еңбек етті және туындының бюджеті қандай болатынын біледі, сондықтан ол фильм бюджетінің көтеріңкі болғанына түбегейлі қарсы. Сонымен қатар ол гранттар мен қаржыландырулар бір ғана адамға беріле беруіне де қарсы, бұл да дұрыс қадам.

 

Орталықтың міндетіне мемлекеттік бюджеттің бөлініп берілуі ғана кірмейді, сонымен бірге ко-өнімге шығу да жатады, Сәрсенованың бұл тұрғыда үлкен тәжірибесі бар, сондай-ақ Қазақстанда түсірілім жасауға шетелдік компанияларды тарту, отандық киноларды шетелдерде көрсету бар. Әрине, мұның барлығы, айқын көрінеді деп айтуға болады.

Іс жүзінде Орталық 2018 жылдың қыркүйегінен (ресми түрде 2019 жылдың мамыр айынан – ред.) бастап жұмыс істейді. Көптеген мәселелер, шын мәнінде Орталықтың қалай жұмыс істейтініне байланысты – ашық, әділ питчинг бола ма, сыбайластық орын алмай ма және т.б.

 

Жылдың үздік киносы — Ерлан Нұрмұхамбетов пен Риса Такебаның «Барымташы. Уақыт жолдары» туындысы. Бұл фильм бекерден бекер Бусан кинофестивалінің ашылу салтанатының фильмі болған жоқ. Мұндай жағдай өте сирек орын алады. Соңғы рет мұндай жағдай осыдан он бір жыл бұрын болған екен. Ол кезде Бусан кинофестивалі Рүстем Әбдірәшовтің «Сталинге сыйлық» туындысымен ашылған.

«Барымташы. Уақыт жолдары» туындысы – рухани жағынан, сипаттамасы, ментальдылығы, және меніңще – тынысы бойынша да қазақстандық таңғажайып туынды. Мен оның Сергей Дворецкийдің «Қызғалдағымен» салыстырар едім: мұнда да дәл сондай жайбарақат ырғақ, табиғаттың әсем келбеті, адамзат қасіретінің шиеленісуі «Қызғалдақтан» да көбірек десем де болады, мұнда жас жеткіншектің қалай әкесінен айырылғаны айтылады.

Мүмкін, Ерланды белгілі бір деңгейде Дворецкийдің оқушысы деп айтуға болатын шығар – оның түсірілімі алаңында Ерлан айлап емес, жылдап уақытын өткізетін. Сонымен қатар кинода Нурмухамбетовтың алдыңғы «Қатер алдында» және «Жаңғақ ағашы» ленталарында көрінген режиссерлік стильдің жалғасы байқалады.

Жаңа картинада бәрі жақсылап ой елегінен өткізіліп, дәлелді түрде жасалғаны көрініп тұр, өйткені бұл күрделі қазақ-жапон ко-өнімі. Көрнекті актерлер құрамы, тамаша сценарий, керемет операторлық жұмыс. Бұл фильм алдағы жылы Қазақстан астынан «Оскарға» ұсынылуы тиіс фильм.

Жылдың басты жаңалығы — Шәрипа Оразбаеваның «Марьям» фильмі. Қазіргі күні, қазақстандық режиссерлердің байқауға қатысатын табысты ортасы әлдеқайда қалыптасқан кезде, жас әйел-режиссердің дебюттік фильмінің Локарно кинофестивалінің байқауына қатысуы нағыз таңғаларлың оқиға екені сөзсіз.

Бұл жетістікке кездейсоқ қол жеткізді деп айта алмайсың: оның өте жақсы қысқа метражды «Картоп жегіш» киносы бар. Он да көптеген кинофестивальдерге барып қайтты, 2018 жылы Берлиналдағы «Талант прожект маркетке» қатысты, енді міне нағыз жетістік – Локарнодағы халықаралық кинофестивальге қатысу. Бұл кезіндегі кеңестік кеңістіктен таңдап алынған жалғыз туынды.

Туынды өте тыңғылықты, қатаң, қыс мезгілінде түсірілген, тіпті Шарипаның қысқа метражды фильмінде кездесетін көрнекі-бейнелеу ізденістерінсіз, бірақ бұл түсінікті де, өйткені фильмде өте күрделі оқиға: ауылда тұратын әйелдің қалай күйеуі жоғалып кетіп, оның төрт баламен жалғыз қалғандығы туралы баяндалады. Тамақ пен ақша қоры күннен күнге азайып бара жатады, ол ары қарай қалай өмір сүруге болатынын білмейді.

Жылдың екінші жаңалығы ретінде Марьям рөлін ойнаған актриса – Меруерт Саббусинованы айтуға болатын шығар: ол біресе қартайған, ұсқынсыз әрі қайғыдан қан жұтқан кейіпкер, біресе жасарған әрі жарқын болашаққан ұмтылған кейіпкер. Туынды нәзік сезімдерге, көңіл-күйге және өмірдегі шындыққа толы. Фестивальдерге туындыны ұсынуға үшінші бір әйел – ресейлік продюсер Анна Качко көмектескен және қазіргі күні «Марьям» жарты әлемді шарлап шықты.

Жылдың басты мойындауы — Әділхан Ержановтың «Қап-қара адам» туындысы. «Азия Оскары» деп те аталатын жыл сайынғы APSA сыйлығында Әділхан Ержанов «Азияның үздік режиссері» атағына ие болады.

Әділхан Палестиналық Эллиа Сулейман, Филиппиндік Лав Диас, Кытайлық Ван Ксяшуаи және Тайландтық Аноча Сувичакорнпонг тәрізді бәсекелестерін басып озып, осы номинацияны жеңіп алды. Ержановтың фильмдері төрт жыл қатарынан АПСА номинанттары болды, міне соңында – тамаша жеңіске жетті. Фильмнің таныстырылымы Сан-Себастьянда өтті, мұнда туынды кинофестивальдің басты байқауына қатысып жатқан болатын, сонымен қатар 2020 жылы Роттердамдағы құрметті бағдарламада көрсетілетін болады.

Жылдың ең өршіл бағдарламасы — Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі. Кәсіби шеберлікпен түсірілген «Томирис» тарихи туындысы прокаттан 508 миллион теңге жинады (прокаттың соңғы аптасындағы ticketon.kz мәліметтері), ал оның шығарылымына 2 миллиард 259 миллион теңге жұмсалған.

Жылдың коммерциялық табысты киносы — Нұртас Адамбайдың «Әкім» туындысы (577 млн теңге), Нұрлан Қоянбаевтың «Африкадағы қазақша бизнес» (573 млн теңге), Ақан Сатаевтың «Томирис» (508 млн теңге), Руслан Ақынның «off-line демалыс» (455 млн теңге), Нұртас Адамбайдың «Құдалар» (390 млн теңге) фильмдері.

Жылдың ең фестивальдік-табысты туындылары — Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Барымташылар. Уақыт жолдары», Әділхан Ержановтың «Қап-қара адам» және «Атбайдың шайқасы», Шәрипа Оразбаеваның «Марьям», Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау», Данияр Саламаттың «Үй» фильмдері.

2019 жылғы қазақстандық фильмдер

  • «Құдалар»
  • «Африкадағы қазақша бизнес»
  • «Аға немесе неке 2»
  • «Келин де адам 2»
  • «Тағдыр станциясы»
  • «Тақиялы періште 2»
  • «Асабаның құжаттамасы»
  • «Ананы іздеу 2»
  • «Түсініктер бойынша кино»
  • «Қазақ хандығы. Алтын тақ»
  • «Анашым+әкешім»
  • «Армандар картасы»
  • «Қамқор әке»
  • «Балуан Шолақ»
  • «Анажан»
  • «Ақылсыз әйелдің күнделігі»
  • «Әруақ»
  • «Композитор»
  • «Мен осындамын»
  • «Жер бетіндегі ең үздік үйлену тойы!»
  • «Қаламгер»
  • «Күн балалары»
  • «Қыз бен теңіз»
  • «Томирис»
  • «Бекзат»
  • «Мен сені сүйемін»
  • «Көп аталы»
  • «Бала ғашық»
  • «Айна»
  • «Әкім»
  • «Біздің эрамызға дейінгі сұлулар»
  • «Қазбат»
  • «Хайптағы ата»
  •  «Ерікті»
  • «Ва-Банк»
  • «офф-лайн демалысы 2»
  • «Кореядағы қазақша бизнес»
  • «Барымташылар. Уақыт жолдары»
  •  «Марьям»
  • «Қап-қара адам»
  • «Атбайдың шайқасы»
  • «Шыңырау»
  • «Үй» 
  • «Жақсылық»

2019 жылы Қазақстанда барлығы 44 толық метражды фильмдер түсірілген, Kino.kz порталының мәліметтері бойынша олардың 37-сі осы жылы прокатқа шығарылған.

Дереккөзі

https://the-steppe.com/razvlecheniya/itogi-kazahstanskogo-kinogoda-2019?fbclid=IwAR0wJVMgw4bCdgwhZ3M5y6Z0inOWJHM_t0KItV7tZ7Y4JC9ISGkXjwuMSCY