Almaty Investment Forum 2019-да киноиндустрияны инвестициялық-тартымды салалардың үздіктерінің қатарына шығарды

Бөлісу:

visibility 72

Алматыда инвесторларды тартудың тиімді құралы ретінде Қазақстандық кинематографтың дамуы туралы жыл сайынғы форум – Almaty Investment Forum-да айтылды. Форумның жұмысына Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік оорталығының өкілдері қатысты.

Биылғы жылы форумға 500-ден астам қатысушы жиналды, олардың арасында әлемдік және қазақстандық ірі компаниялардың, министрліктердің, қаржы институттарының және басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері болды. Ұзақ жылдардан бері алғаш рет кино өндірісі туралы отандық экономиканың маңызды бір бөлігі ретінде айтыла бастады, оның дамуы елімізде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына түрткі болады.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев түсірілімдерді ұйымдастыру үшін шетелдік және отандық кино компаниялармен ынтымақтастықта жұмыс істейтін жаңа құрылымның құрылатынын хабарлады. Әкімнің айтуы бойынша, Алматы түсірілім жасау және кино өндірісі үшін ыңғайлы қала болып табылады. Қалада жылдың 220 күнінде жаймашуық ауа-райы орын алады. Бес климаттық белдеу, таңғажайып пейзаж, тааша табиғат және дамыған инфрақұрылым кез-келген жанрда, тарихи кинодан бастап қиял-ғажайып (фентези) кино түсіруге мүмкіндік береді. «Қазіргі кездің өзінде Алматы және Алматы облысына әлемге танымал клиптер, жарнамалар мен деректі фильмдер түсіру үшін түрлі елдердің студиялары келуде. Қажетті барлық жағдайды жасау үшін қала әкімдігінің жанынан арнайы орган - Almaty Film Commission құрылатын болады. Бұл құрылым «бір терезе» қағидасы бойынша Алматы қаласында, сонымен қатар біздің аймақта түсірілім жасауды ұйымдастыруда шетелдік және отандық кино компаниялармен ынтымақтастықта болады», - деді Бақытжан Сағынтаев Almaty Investment Forum шеңберінде.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы алдағы күндері Ұлттық кинокомиссия құруды жоспарлап отыр, ол өзіне Almaty Film Commission және Қазақстанның басқа өңірлеріндегі кинокомиссияларды біріктіреді.

Алдағы уақытта кинобизнес, білім беру және мемлекеттің өзара бірлесе тығыз әрекет етуінің арқасында Алматыны әлемдік киноның түсірілім алаңына айналдыра отырып, отандық кинематографты белсенді түрде дамытуға болады. «Бұл біздің қаламыздың имиджін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар туризмнің, кіші, орташа бизнестің дамуына мультипликативтік әсер береді. Анимация өндірісіне жеке тоқталып өткім келіп отыр. Алматы анимация мектебі кеңестік кезеңнің өзінде жоғары жетістіктерге қол жеткізген болатын. Қазіргі уақытта анимациялық студия жоқтың қасы – және дәл сол инвестиция үшін үлкен қор бола алады. Біздің аниматорларымыздың жүзеге асыруға болатын және қажет ететін әлеуеті ауқымды екендігіне сенімдімін», - дейді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, киноиндустрияны инвестициялық-тартымды салалардың үздіктерінің қатарына шығарудың болашағы айқын байқалады. Қазіргі күні тек Алматының өзінде түрлі мәдени индустрияның 45%-ы шоғырланған. Оңтүстік астана Қазақстанның мәдени астанасы мәртебесін лайықты түрде ұстап келеді.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы сапалы, бәсекелес инонарықты қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Киножобаларды қаржыландыруға қолдау білдіруден басқа, Киноорталық кинематографиятердің білім деңгейін көтеруді, олардың әлемдік деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуді, және де енгізілген рибейттер арқылы елімізге шетелдік киноөндірушілерді тартуды мақсат етіп отыр,

 «Қазіргі күні Қазақстан шетелдік фильмдер түсіру үшін ашық. «Кино туралы» заңмен «рибейт» ұғымы енгізілді, яғни шетелдік компанияларға Қазақстан аумағында жұмсаған қаражаттарының бір бөлігін (30 %-ға дейін өзгереді) қайтарып беру. Бұл маңызды, өйткені осы жүйе бойынша бүкіл әлем бұрыннан бері жұмыс істеп келеді. Және біз де осыны қолданамыз. Оған қоса бұл Қазақстан үшін тек инвестиция ғана емес, бұл туризмді дамытудың жаңа деңгейі. Өйткені біздің айрықша табиғатымыз бар. Мұнда сіздер көз тартар тауларды немесе көлдерді, діңгектері жуан қарағайларды, әнші құмдарды, америкалық Үлкен шатқалдаг да әдемі Шарын шатқалын өре аласыздар», - деді ҰКҚМО басқарма төрағасы Гүлнара Сәрсенова.