30 қыркүйек киножобаларды іріктеуге өтінім қабылдау басталады.

Бөлісу:

visibility 270

30 қыркүйек «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін киножобаларды іріктеуге екінші өтінім қабылдауды бастайды

Бүкіл қазан бойы қазақстандық кинематографистер өз жобаларын Киноорталықтың Сарапшылар одағы мүшелерінің қарауына ұсына алады. Кеңес құрамына кино индустриясындағы өзін мойындатқан кәсіпқойлар: сценарийшілер, продюсерлер, режиссерлер, дистрибьюторлар мен киносыншылар кірді.

Киноорталық қысқаметражды және толықметражды дебюттерге қаржы бөле отырып, жас мамандарды, сондай-ақ танымалдылығы Қазақстанмен шектелмейтін, қалыптасқан режиссерлерді де қолдауға ниетті. 

«Ұлттық фильм» атануға халықаралық фестивальдерге қатысуға әлеуеті зор авторлық туындылар да, сонымен қатар көпшілік көрерменге бағытталған коммерциялық көркем және анимациялық фильмдер де мүмкіндік алады.

Киноорталық сондай-ақ халықаралық бірлескен өндіріске де қолдау көрсетпекші. Қаржылық қолдау фильмнің продюсерлері жарияланған бюджеттің кемінде 50% шетелден тартқан жағдайда ұсынылады. Бұл сонымен қатар шетелдік режиссерлердің Қазақстан туралы баяндалатын халықаралық жобалары мен фильмдеріне де қатысты.

Деректі және публицистикалық фильмдерге айрықша көңіл бөлген жөн.

Тілек білдірген кез келген адам интернеттегі онлайн-трансляцияның көмегімен тікелей эфирде жобалардың қорғалуын қадағалай алады.

Өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 30 қыркүйегі мен 31 қазаны аралығында жүреді. Жобалар питчингіне қатысу шарттарымен толығырақ Киноорталықтың сайтында www.kazakhcinema.kz танысуға болады.