«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» Санкт-Петербург қаласындағы «Синепозиум-2019» ірі кинофорумында таныстырылды

Бөлісу:

visibility 146

Санкт-Петербургте Халықаралық Кинокомиссия Ассоциациясы (Лос-Анджелес) мен Ресейлік Кинокомиссиялар Қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған "Синепозиум" жаһандық іскерлік форумы өтті.

Ресейде алғаш рет ірі әлемдік киноөндірушілер - Netflix, HBO, Universal, Sony PlayStation Productions, Blumhouse Productions басшылары, сондай-ақ АҚШ, Еуропа және Азиядан келген тәуелсіз продюсерлер бір алаңда кездесті. Осындай ауқымдағы іс-шараның жұмысына алғаш рет Қазақстан өкілі қатысты!

Қазақстанның Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Басқарма Төрағасының бас кеңесшісі Анна Качко Universal Studios вице-президенті Кристен Карр Струббемен, Халықаралық Кинокомиссиялар Қауымдастығының президенті Джесс Коноплимен және "Кино мен теледидардағы әйелдер" Халықаралық Қауымдастығының президенті Хелен Гранквистпен бірге панельдік пікірталасқа қатысты. Анна Качко Орталықтың жұмысы мен Қазақстан Республикасында 2019 жылы енгізілген жаңа рибейттер жүйесі (Қазақстан аумағында шетелдік кинокомпаниялар жұмсаған қаражаттың бір бөлігін қайтару) туралы айтып берді.

 «Мен ұйымдастырушылардың "Синепозиум-2019" форумына қатысуға шақырғанына және панельдік пікірталасқа қатысуға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. Менің ойымша, бір алаңда жиналған халықаралық қонақтар, әлемдік киноконтенттің жетекші өндірушілері тұрғысынан алғанда ең ауқымды шара. Петербургке «Мир Юрского периода», «50 оттенков», «Ешь, молись, люби» фильмдерінің, сонымен қатар «Игры Престолов», «Чернобыль» тағы да сол сияқты атақты сериалдардың продюсерлері келді. 2019 жылы қабылданған "Кинематография туралы" Заң аясындағы Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері мен Қазақстан аумағында түсірілім жүргізген кезде ұсынылатын рибейттер жүйесіне халықаралық продюсерлер үлкен қызығушылық танытты. Қазақстан – сан-алуан ландшафты бар, қонақжай әрі кино саласында өсіп келе жатқан инфрақұрылымы бар ел. Бүгінде әлемдік продюсерлер жаңа түсірілім локацияларын белсенді іздеуде, және біз оларды ұсынуымыз керек", – деді Анна Качко.

 

Форумға биылғы жылы әлемнің 32 елі мен 67 кинокомиссияның өкілдері қатысты.

 «Синепозиум» – креативті индустрияны дамыту, киноконтент өндірісі, кинокомиссия қызметі, кинотуризмді дамыту мәселелерін, сондай-ақ аудиториямен өзара іс-қимылдың жаңа формаларын жан-жақты талқылауға арналған жыл сайынғы жаһандық кәсіби форум. Биылғы жылы «Синепозиум» алғаш рет Ресейде ұйымдастырылды. 

ACFI (Халықаралық Кинокомиссиялар Қауымдастығы) – құрамына 6 континенттің 45 елінен 300-ден астам кинокомиссия кіретін ресми кәсіби ұйым.  Бұған дейін "Синепозиум" Инчхонда (Корея Республикасы), Нью-Йоркте, Лос-Анджелесте, Атланта (АҚШ), Барселонада (Испания), Веллингтон (Жаңа Зеландия) және әлемнің басқа да қалаларында өткен.