Қабылданған өтінімдер санының өте көп болуына байланысты киножобалар питчингі 2020 жылдың қаңтарына ауыстырылады

Бөлісу:

visibility 128

Сарапшылар жеті санат бойынша барлығы 215 киножобаны қарастыруы тиіс. Әрбір сценарияді мұқият оқып, зерттеп шығуы үшін Сарапшылар кеңесіне жоспарланған мөлшерден көп уақыт қажет.

Киножобалардың екінші байқауына қазақстандық кинематографистердің белсенді түрде қызығушылық танытуы оның ұйымдастырушылық бөліміне түзетулер енгізді. Алдыңғы байқауға қарағанда, келіп түскен өтінімдер санының екі есе көп болуына байланысты, 2020 жылдың қаңтар айының соңында ашық питчинг (киножоба таныстырылымы) өткізуге шешім қабылданды. Нақты өткізілетін күні жақын күндері жарияланады.

Сарапшылар кеңесінің мүшелері питчинг мерзімін жылжыту туралы шешім шығару өте қажетті болды және негізді деп санайды. Бұл мамандарға барлық келіп түскен жұмыстарды барынша сапалы түрде қарап, зерттеп шығаруға, сценарийді оқуға және басқа да материалдармен (бюджет, шығармашылық топ) танысуға, берілген кинотеатрлармен танысуға мүмкіндік беріледі.

Қараша айында өткізілген мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетілуіне үміткер кино жобаларды таңдау шеңберінде, 215 өтініш келіп түскенін естеріңізге салайық. Салыстыру үшін: мамыр айының соңында өткен бірінші питчингке 109 өтініш берілді. Оның ішінде 10 жұмысты авторлардың өздері дәл қорғаа алдында қайтарып алды. Нәтижесінде 99 өтініш қаралды. Алайда 5 айдан кейін, мемлекеттік көмек алғысы келетін кинематографистердің саны әлдеқайда көбейді. Бұл жолы өтініштердің көптеген бөлігі – 66 фильм коммерциялық прокатты көздейтін көркем фильмдер болып отыр. Дебюттік туындының саны 38. Деректі және қысқа метраджы фильмдер – мұндай өтініштер саны сәйкесінше 34  және 31. Анимациялық жанрға 18 жұмыс келіп түсті. Халықаралық ко-өнім 15 жобада көрсетілген. Авторлық/артхаустық туындылар саны 13.

Халықаралық фестивальдарға қатысуға айқын көрінетін әлеуеті бар авторлық туындылар да, бұқара халыққа бағытталатын коммерциялық көркем және анимациялық фильмдер де теңдей дәрежеде үміткер бола алады.