«off-line демалыс»: YouTube-та рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, комедияның екінші бөлімінің жарнамасын қамтамасыз етуге болады

Бөлісу:

visibility 52

Қазақстандық «Оff-line демалыс» комедиясының өндірушілері үшін өнімдерін YouTube ресми арнасында салғандары өте сәтті маркетингтік қадамға айналды. Алғашқы бірнеше тәуліктің өзінде бұл фильмді 1 миллионнан астам адам көрді. Бұл көрсеткіш, 26 желтоқсанда айналымға шығаруға әзірленіп жатқан фильмнің екінші бөлімінің қол жеткізетін жетістіктеріне қатысты әлдеқайда батыл болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Құрамында режиссер Эрнар Құрмашев, режиссердің көмекшісі Руслан Акун, бас продюсер Ақан Сатаев бар шығармашылық топ комедияның жалғасы «Оff-line демалыс: жаңа ағын» туындысын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен шығарды. 

Бұл көрсеткіш туындының бір ғана рекордтық көрсеткіші емес екенін айта кетейік. «Оff-line демалыс» 2019 жылғы қазақстандық кинопрокаттың кассалық хиттарының бірі болып табылады. Енді, YouTube-тағы миллиондаған қаралым Казнет пайдаланушылары арасында қазақстандық фильмдер санатының ең үздік динамикаға ие болуын қамтамасыз етті,  сонымен қатар соңғы 2 жыл ішінде 50 шақты фильм салынып отыр. YouTube-тағы қаралымдар бойынша қомақты көрсеткіштердің көзтартарлық статистикасы – саны 30 мыңнан асатын «лайктар» мен 3 мыңнан астам жазылған пікірлер растайды. Қазақстандықтар комедиядан алған әсерлерімен белсенді түрде бөлісіп, естерінде қалған әзілдерді жазған, кейбірі отбасылық кинолентаның екінші бөлімінде кейіпкерлерді қандай тағдыр күтіп тұрғаны туралы болжамдарын айтады.

Естеріңізге сала кетсек, «Оff-line демалыс» туындысы 2019 жылдың 21 наурызында жарыққа шыққан. Сюжеттің басты желісі – өз кәсіптерін ашпақшы болған үш студент достың бастарынан кешкен оқиғалары. Олар қаланың балаларына арналған бірегей этно-лагерь ашады. Стараптың бірегейлігі сол, мұнда тәрбиеленушілердің планшет пен телефонға тәуелділіктерін жояды.

«Бұл кино бүкіл отбасына арналған. Қазір балаларға арналған сапалы контент жетіспейді. Біздің дәстүріміз, мәдениетіміз, ұлттық ойындарымыз, ертеден келе жатқан тұрмыс салтымыз туралы балаларға қызықты етіп айтып, көрсететін фильмдер жоқтың қасын. Оның есесіне алуан түрлі шетелдік анимациямен түсірілген басқа елдердің мультфильмдері жетерлік. YouTube-та да өте көп. Мен екі баланың әкесімін және олардың қандай контент көретіні, фильмдер мен мультфильмдерден не үйренетіні туралы үнемі ойлап жүремін», - дейді фильм продюсері Эрнар Құрмашев.

«Оff-line демалыс: жаңа ағын» туындысы авторларының ойлап шығаруы бойынша, басты кейіпкер Қайрат инвесторлардың ұсынысын қабылдап, ірі холдингке басшылық қызметке ауысады. Оның достары және бұрынғы серіктестері Дастан мен Болат қаланың ерке балаларынан құралған жаңа топпен жұмыс істей ала ма – бұл комедияның екі бөлімінің басты шытырман оқиғасы, ол қазіргі жастар үшін қажетті бірнеше басты құндылықтарды баяндайды.

«Жаңа жылдың алдында кинопрокат үшін тартыс өте күрделі болайын деп тұр, біз оны түсінеміз. Бірақ көрермен дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймыз. Көрерменнің сүйіктісіне айналған «Оff-line демалыс» комедиясының жалғасы – достықты, отбасылық құндылықтарды бағалайтындарға арналған нағыз нұсқаулық, және, әрине, сапалы әзіл» - дейді сұхбаттарының бірінде Ұлттық кинины қолдау мемлекеттік орталығының басшысы Гүлнара Сәрсенова.