«Қазақстан киносы апталығы» шеңберінде Киноорталықтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Бөлісу:

visibility 95

Мәскеуде «Қазақстан киносы апталығы» өтіп жатыр. Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары болып отырған Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасының РФ-ндағы Елшілігі және «Кино ғаламшары» компаниясы бұл апталықты қазақстандық жазушы әрі қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойы құрметіне арнады.

18 қарашадан 23 қарашаға дейін астаналық «Иллюзино» кинотеатрында қазақстандық кинематографистердің туындыларын көруге болады. Апталықты Әбіш Кекілбаевтың повестінің желісімен түсірілген режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» туындысы ашты. Ал Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмі «Қазақстан киносы апталығының» жабылуында көрсетіледі. Ресей көрермендеріне, сонымен қатар «Әмре» (реж. Джефф Веспа), «Off-line демалыс» (реж. Руслан Акун), «Тіркеуші» (реж. Мейірхан Шерниязов), «Анаға апаратын жол» (реж. Ақан Сатаев), «Жеделсаты» және «Құдалар» (реж. Нұртас Адамбай) туынылары көрсетіледі. Сенастар соңында дәстүрлі түрде көрермендермен кездесу болады.

«Иллюзион» кинотеатрының үлкен залында Қазақстанның келген делегациямен баспасөз-конференциясы өтті. Алайда «Кино аптылығының» басты іс-шарасы – киноөнімдер мәселелеріне арналған дөңгелек үстел болды. РФ-ндағы Қазақстан Елшілігі аумағында өткен іс-шараға белгілі продюсерлер, реиссерлар, актерлар, киностудиялардың басшылары, сонымен қатар мемлекеттік құрылым өкілдері шақырылды. Дөңгелек үстел жұмысына Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасының төрайымы Гүлнара Сәрсенова, сонымен қатар Киноорталықтың бас кеңесшісі әрі халықаралық стратегия тәлімгері Анна Качко қатысты.

Екі елдің кинематографистері қатысқан бұл кездесуде оларды, ең бірінші кезекте, ко-өнім саласындағы ынтымақтастықтың болашағы, сонымен қатар ко-өнім желісі бойынша мемлекеттік қаржыландырудың ерекшелігі қызықтырды. Бұл процестерде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қандай рөл ойнайтыны туралы оның басшысы Г.Сәрсенова айтып берді. «Біз өзіміздің «Кино туралы» жаңа заңымыздың жағдайы және оның отандық киноиндустрияны дамытуға беретін мүмкіндіктері туралы талқыладық. Ресейлік әріптестер қазақстандық кинематографтың дамуының жалпы стратегиясымен, біздегі ЕАИС жүйесінің енгізілуімен, кішігірім қалаларды кинландыру үрдісімен және Қазақстанның кино саласының бас операторы ретінде Киноорталықтың басқа да маңызды бағыттарымен танысты», - дейді Г.Сәрсенова.

Негізгі ұлттық киностудияның қазіргі мүмкіндіктерін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Арман Әсенов таныстырды. Ол бірлескен жобаларды әлеуетті қаржыландыру көздері, жергілікті мамандарды тартудың болашағы, сонымен қатар ко-өнімге арналған фильмдердің әлдеқайда өзекті тақырыптары мен жанрлары туралы айтты. Қазақстанға келіп қайтқан оның әріптесі – «Союзмультфильм» киностудиясының директоры Борис Машковцев, ресей анимациясын дамыту мәселесін егжей-тегжейлі түсіндіріп, Қазақстанның киноиндустриясымен қатар ала отырып, ынтымақтастықтың нақты нұсқаларын ұсынды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстандағы және Ресейдегі фильм-комиссия мен рибейттердің жүйесімен айрықшы қызығушылықпен танысты. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының халықаралық стратегия жөніндегі тәлімгері А.Качко Киноорталық жұмысының халықаралық бағытымен таныстырды. Ол ко-өнімге қолдау көрсетудің қазіргі кездегі мүмкіндіктері, оның ішінде шетелдік кинокомпаниялардың Қазақстан аумағында жұмсаған қаражаттарын қайтару (рибейт жүйесі) туралы егжей-тегжейлі айтты. Ресейлік кинематографистер өз тараптарынан Киноорталықтың басшыларына «Кино туралы» жаңа заңның қырлары, Қазақстанда түсірілім жасау мүмкіндіктері, салық салу тетіктері, т.б. туралы бірқатар сұрақтар қойды.

Кездесуге қатысушылармен Қазақстанның кинематографиясының тіршілік ету орталығы болып табылатын Алматы қаласының инфрақұрылымын дамыту бойынша басты ақпараттармен Алматы Мәдениет басқармасының басшысы Эрнар Құрмешев бөлісті. «Қалалық әкімшілік киноиндустрияны белсенді түрде дамытып, халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін ірі шетелдік кинотоптарды қабылдайтын болады. Киноорталықпен тікелей серіктес бола отырып, Алматы кинокомиссиясын құруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Э.Құрмашев.