Жаңалықтар

Астанада «Игроманка» фильмінің жазғы бөлігінің түсірілімі басталды

Шығармашылық топ алғашқы екі күн айтарлықтай қиындық тудырғанын алға тартады. Түсірілімге 90-нан астам адам жұмылып, ауысыммен жұмыс жүрген. Себебі түсірілім процесі әдеттегіден ұзаққа, 12 сағатқа созылған, бұл жерде ұжымның іскерлігі мен кәсіпқойлығы байқалады.

Бұл ретте фильм продюсерлерінің бірі Әсел Сағи «Фильм сапасы сценарий мен алдын ала дайындыққа ғана емес, жобаға тартылған мамандардың кәсібилігіне тікелей байланысты» екенін айтады.
Екінші блокта PROTALENT продюсерлік орталығының шығармашылық тобы көрермендерді бұрыннан танымал әрі кино әлеміне жаңа қадам басқан актерлармен таңғалдырмақ. Елордадағы түсірілімнен соң команда Ақмола облысындағы режиссерлік орталыққа оралуды жоспарлап отыр.

Фильмнің бас продюссерлері Ардақ Қасымбек пен Дана Мұтұрғанова кейде қандай да бір тылсым күш түсіру процесіне кедергі келтіретіндей болып көрінгенмен, кәсіби шығармашылық топ барлық қиындыққа төтеп беретінін алға тартады.

Айта кету керек, аталған киножоба 2023 жылы Ұлттық кино орталығының қолдауына ие болды.