Жаңалықтар

Қазақстандық фильм Иранда жүлде алды

Иранда өткен Cinema Verite халықаралық деректі фильмдер фестивалінде «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда» жүлде алды. Фильм маңызды халықаралық деректі кинофестивальдағы көптеген жұмыстардың ішінде үздік шықты.

«Бұл сыйлықтың маңызы зор және марапат лайықты иесін тапты деп айта аламыз. Фильмде Лябиба есімді кейіпкер 1944 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қайтыс болған әкесінің қабірін іздейді. Туынды түп-тамырын танығысы келген әрбір адам үшін жан тебірентерлік», – деді қазылар алқасының мүшесі Хуман Бахманеш.

«Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда» – режиссер Алина Мұстафинаның дебюттік жұмысы. Кинокартина Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген. Өндірісті UVENT production кинокомпаниясы жүзеге асырды. Фильмнің продюсерлері - Ақжол би Сәрсембаев пен Еркежан Мақсұт.