Қазақстандық тарихи кинотуынды «Қажымұқан» Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен халықаралық кинофестивальде жетістікке қол жеткізді. Фильм фестивальдің ең басты марапаттарын: Гран-при – «Ең үздік фильм», «Үздік басты рөл» жүлдесі – Ербол Төлепберген иеленді.
Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. Жобаның режиссері – Қанағат Мұстафин.
«Қажымұқан» – қазақтың тұңғыш әлем чемпионы, аты аңызға айналған балуан Қажымұқан Мұнайтпасовтың өмір жолын баяндайтын тарихи драма. Туындыда спортшының күрес әлеміндегі жетістіктері ғана емес, оның ұлт рухын көтерудегі рөлі мен адами болмысы кеңінен суреттеледі.
Фильмнің сценарий жұмыстары 2012 жылы басталған. Режиссер Қанағат Мұстафин 10 жылдан астам уақыт зерттеу жүргізіп, архивтік деректер мен тарихи мәліметтерді жинақтаған. 2020 жылы түсірілімге кіріскен.
«Қажымұқан Мұнайтпасов – ұлтымыздың мақтанышы, ерлігі мен қайсарлығы бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын біртуар тұлға. Біз бұл фильм арқылы тек тарихи деректерді көрсетуді ғана емес, Қажымұқан атамыздың рухын, адамдық бейнесін, елге деген махаббатын жеткізгіміз келді. Кореядағы жүлде – қазақ киносының халықаралық деңгейде мойындалуының бір дәлелі. Бұл – бүкіл шығармашылық топтың және халқымыздың ортақ жеңісі», – деді режиссер.
Бұған дейін фильм Италияда өткен XXIX Халықаралық IPAAF – Apoxiomeno кинофестивалінде де жоғары бағаланып, бірнеше марапатқа ие болған болатын. Сондай-ақ фильм өткен жылы Қазақстанда кең көлемде прокатқа шықты және Қазақ киносының онкүндігі аясында да ел өңірлерінде көрсетіліп келеді.
Айта кетейік, 11-ші Сеул халықаралық WebFEST 28 елмен әріптестік орнатқан. Фестиваль заманауи веб-контентті дамытуға бағытталған және бүкіл әлем бойынша онлайн көрсетілімдер ұйымдастырады.
Биыл шараға 21 номинация бойынша 160 шығарма ұсынылды, оның ішінде 20-сы кореялық, 22-сі шетелдік туындылар.