Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеу конкурсының екінші кезеңі жалғасып жатқанын хабарлайды.
Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінде оң қорытынды алған үміткерлер құжаттарды электронды форматта тапсыруы тиіс. Барлық қажетті құжаттарды Орталықтың ресми сайтындағы https://kazakhcinema.kz/kz/konkurs_2025 сілтемесі арқылы 13 мамыр, сағат 18:00-ге дейін жіберу қажет. Атап өту қажет, үміткерлер мына талаптарды ескеруі тиіс:
1)құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болуы;
2)республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
3) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауы (мәліметтер Орталықпен тексерілерді).
Өтінімдерді тапсырғаннан кейін құжаттардың толық ұсынылмауы анықталған жағдайда конкурстық процестің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтініш берушіге анықталған қателерді түзетуге 3 жұмыс күні беріледі.
Бұл ретте Ұлттық киноны қолдау орталығы барлық қатысушыларға қойылған талаптармен мұқият танысып, құжаттар пакетін уақытылы әрі толық тапсыруды ұсынады.