ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген «Қажымұқан» фильмі Италияда өткен XXIX Халықаралық IPAAF – Apoxiomeno кинофестивалінде биіктен көрінді. Картинаның еншісіне фестивальдің басты марапаттары бұйырды: «Үздік фильм», «Ең үздік ер адам рөлі» (Ербол Төлепберген), «Үздік режиссура» (Қанағат Мұстафин) және «Үздік сценарий» (Қанағат Мұстафин, Жанат Қасабеков).
Фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кіріскен. 2020 жылы түсірілімін бастап, 10 жылдан астам уақыт зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде туынды өткен жылы үлкен экранға ұсынылып, прокатқа шықты.
Қажымұқан Мұнайтпасов – француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.

«Ол өзінің артықшылығын өз заманының ең жақсы балуандарына қарсы жеңістерімен дәлелдеді. Қажымұқан спорттық жетістіктерімен бүкіл әлемге танымал болған алғашқы қазақ болды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айресте және Чикагода көрермендер біздің атақты отандасымызға қол шапалақтады», – деп бөлісті режиссер.
Сондай-ақ Қанағат Мұстафин фестивальдағы жеңісі жайлы ой бөлісті.
«Ұлы қазақ туралы түсірілген фильмнің халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанына шын жүректен қуаныштымын. Бұл жеңіс – бүкіл түсірілім тобының, актерлердің, сценаристердің еңбегі. Қажымұқанның өмір жолы мен ерлігі бүгінгі күнде де адамдарды шабыттандыратыны біз үшін үлкен мақтаныш. Оның ғұмырымен өскелең ұрпақ танысу керек, білу керек, ұлықтау әрі үлгі алу керек», – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, IPAAF-Apoxiomeno фестивалі 30 жылға жуық ұйымдастырылып келеді. Италияда өтетін беделді халықаралық кинофестиваль жыл сайын кино, өнер және мәдениет саласындағы үздік туындыларды марапаттайды. Фестиваль әсіресе әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды қозғайтын, көркемдік деңгейі жоғары және мәдени дамуға ықпал ететін шығармаларға баса назар аударады. Әр жылдары бұл фестивальде әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрнекті өнер қайраткерлері жеңімпаз атанған.