Беларусьте атақты ақын Жамбыл Жабаевтың өмірін баяндайтын «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмінің көрсетілімі өтті.
Минсктегі «Победа» кинотеатрында өткен шарада Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов екі елдің байланысын баяндады. Сонымен қатар Елші аты аңызға айналған Жамбыл Жабаев туралы құнды деректермен бөлісіп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығы қолдаған «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмін көруге шақырды.
«Көркемсөзді келістіре айту – кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет. Ал сол қасиет қазақтан шыққан Жамбыл ақыннан табылған.
Фильмде жыр алыбының шынайы образы ашылады», – деді елші.
Айта кетейік, көркем фильм ақынның 175 жылдығы мерейтойы тұсында түсіріле бастады.