22 қазан күні Астанадағы Kinopark 7 IMAX Keruen кинотеатрында «Капитан Байтасов» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті.
Картинаны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірді. Фильм 2023 жылғы кино жобаларының питчинг байқауының жеңімпазы атанған.
Кинокартина 2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында болған шынайы оқиғаларға негізделген. Сол күні полиция капитаны Ғазиз Байтасов өз өмірін құрбан ете отырып, террористі тоқтатып, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалған еді. Полицейдің бұл ерлігі батырлықтың, патриотизм мен адалдықтың символына айналды.