22 қазан күні Астанадағы Kinopark 7 IMAX Keruen кинотеатрында «Капитан Байтасов» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті.
Картинаны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірді. Фильм 2023 жылғы кино жобаларының питчинг байқауының жеңімпазы атанған.
Кинокартина 2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында болған шынайы оқиғаларға негізделген. Сол күні полиция капитаны Ғазиз Байтасов өз өмірін құрбан ете отырып, террористі тоқтатып, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалған еді. Полицейдің бұл ерлігі батырлықтың, патриотизм мен адалдықтың символына айналды.
Көрсетілім барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева көрермендерге арнаған құттықтау сөзінде мұндай жобаларды қолдау – ұлттық кинематографияны дамытумен қатар, жастарды ерлікке, әділдікке және адалдыққа тәрбиелеудің маңызды тетігі екенін атап өтті. Себебі мемлекетіміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі – елдегі әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Шараға сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрторе Жүсіп қатысып, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқыды.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали өз сөзінде былай деді:
«“Капитан Байтасов” фильмі – ұлттық киноның ерлік пен борыш идеясын қоғамды біріктіру құралы ретінде көрсете алған жарқын мысалы. Мұндай жобалар бүгінгі күні ерекше маңызды: олар батырлардың есімін мәңгі есте сақтап қана қоймай, адамгершілік құндылықтарды дәріптейді, рухтың мықтылығын және жанқиярлықтың маңызын паш етеді. Ұлттық киноны қолдау орталығы осындай терең мағыналы, ұлттық құндылықтарды нығайтатын және көрерменге шабыт беретін фильмдерді алдағы уақытта да қолдайтын болады».
Жабық көрсетілімге фильмнің шығармашылық тобы, актерлер, журналистер мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Кештің ең әсерлі сәті – қаһарманның жары Гүлжамал Байтасованың сөз сөйлеуі болды. Ол фильм авторларына жұбайының бейнесін шынайы әрі үлкен құрметпен экранда бейнелегендері үшін алғысын білдірді.

Фильмнің режиссері – Даурен Қамшыбаев. Басты рөлдерде Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Дархан Сүлейменов, Қобыланды Болат және Самал Еслямова ойнайды.
Фильмнің таныстырылымына батырдың ұлы Әділжан Байтасовта қатысты. Ол сценарий жұмысына атсалысып, әкесінің тұлғасын барынша шынайы көрсетуге көмектескен.
Жабық көрсетілім көрермендердің ұзаққа созылған қол шапалақтауымен аяқталды.
23 қазаннан бастап «Капитан Байтасов» көркем фильмі Қазақстанның барлық кинотеатрларында кеңінен көрсетіледі.