Жаңалықтар

Киноны субсидиялауға өтінімдерді қабылдау басталды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2024 жылғы 31 қаңтардан 29 ақпанға дейін кинематография саласында субсидиялауға өтінімдерді қабылдайтынын жариялайды.

Инвесторларға қойылатын талаптар және субсидияларды төлеу процесінің толық регламенті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 206 бұйрығымен бекітілген кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттарында баяндалған (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900019071#z73 ).

Субсидия алу үшін инвестор 1 наурызға дейін:

1) форма бойынша өтініш (жоғарыда көрсетілген қағидаларға қосымша;)

2) инвестордың заңды мәртебесін растайтын құжат;

3) құрылтайшының құжаттары;

4) фильмнің қысқаша мазмұны (синопсис);

5) киножоба;

6) фильмді (немесе оның бір бөлігін) өндіруге байланысты жоспарланған шығындардың есебі;

7) фильм атауы, сценарий авторы (авторлары), қоюшы-режиссер, кинематографиялық қызмет субъектісі және (немесе) кинематографиялық ұйым туралы қысқаша ақпарат, негізгі кейіпкерлердің сипаттамасы, тизер-постер, плакат немесе басқа да жарнамалық материалдар бар киножобаның презентациясы.

Құжаттар қағаз және электрондық форматта қабылданады.

Егер олар шет тілінде болса, онда олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы талап етіледі.

Өтінімдер 2024 жылғы 30 наурызға дейін қаралады, қажет болған жағдайда өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Орталық жетіспейтін құжаттар мен материалдарды сұрата алады.

Естеріңізге сала кетсек, субсидия төлеу инвестордың өнім берушілері Қазақстан Республикасының азаматтары немесе заңды тұлғалары болып табылатын үш жағдайда жүзеге асырылады:

  1. Фильмнің немесе оның бір бөлігінің өндірісімен тікелей байланысты қызметтер (актерлер мен экипажды жалдау, жабдықтар мен экипаж мүшелерін сақтандыру, көлікті пайдалану, тұрғын үйді, коммерциялық үй-жайларды және жануарларды жалға алу);
  2. Кино түсіру процесінде инвестор отандық тауарларды, жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, декорацияларды, ЖЖМ, костюмдерді, реквизиттерді, макияжды және пиротехниканы жасауға арналған материалдарды тұтынушы болып табылады;
  3. Инвестор фильм түсіруге байланысты декорация жасау қызметтерін пайдаланады.



Өтінім мен құжаттар пакетін қағаз түрінде өтінім берушілер жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қ., Мәңгілік ел 30, 3 қабат мекенжайы бойынша ұсына алады. Электрондық түрде - info@kazakhcinema.kz поштасына.



  • киножоба – фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көзбен шолу материалдары) жиынтығы (топтамасы);



31.01.2024