Жаңалықтар

Қазақтілді балалар контентіне үлес: дубляжға арналған фильмдерге дауыс беріңіз!

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы балалар анимациялық фильмдері мен отбасылық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау үшін алдын ала онлайн-дауыс беруді бастады.

Дауыс беру Қазақстан Республикасына әкелінетін фильмдер арасында жүргізіледі. Биыл қарауға 18 өтінім түсті. Үміткерлер қатарында – қызықты шытырман оқиғаларға толы анимациялар, отбасы, достық және жауапкершілік туралы әсерлі оқиғалар, сондай-ақ балаларға арналған тәрбиелік маңызы қамтылған ертегілер бар.

Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қазақтілді контентті дамыту, мәдени әралуандықты нығайтып, өскелең ұрпақтың ана тіліне деген қызығушылығын арттыру және отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Дауыс беруге ұсынылған фильмдердің қатарында:

· «Медвежий переполох»

· «Привет, Чаду: История на большом экране»

· «Привет, Чаду! Путешествие на Запад: Как стать героем»

· «Привет, Чаду. Специальный выпуск: Под водой»

· «Привет, Чаду: Тайна острова Чеджу»

· «Привет, Чаду: Знаменитая сказка — Чаду, почтительная дочь и принцесса Дюймовочка»

· «Ноль Стресса»

· «Легенда о Хэе»

· «День Шоколада»

· «Искатели потерянной яхты»

· «Маленькая принцесса»

· «Мой пес Рунни»

· «Приключения рыбок: Морские коньки»

· «Морские монстрики»

· «Рейнджеры потерянного кольца»

· «Спукиз в кино»

· «Т-Рекс. Король динозавров»

· «Шаг к мечте: Раз и навсегда»

Бұл ретте біз сіздердің таңдау жасағандарыңызды қалаймыз, дауыс беруге қатысуға және осы фильмдердің қайсысы қазақ тіліне дубляждалатынын анықтауға атсалысыңыз!

Сіздің дауысыңыз қазақстандық аудиторияның қалауын анықтайды және қазақтілді балалар контентін дамытуға мүмкіндік береді. Онлайн дауыс беру 20 жұмыс күніне созылады.

Дауыс беру сілтеме арқылы болады. https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfFEBBsmqgEmeA6qL5x9vzgbDL953YCP5gG7bL7VwlvER8KjQ/viewform?usp=dialog