Режиссер Алина Мустафинаның «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» атты деректі фильмі АҚШ-тағы ең көне азиялық-америкалық кинофестиваль – 48-ші Asian American International Film Festival (AAIFF) аясында Sikay Tang Critical Lens Award жүлдесіне ие болды. Фильмді UVENT production кинокомпаниясы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген.
Бұл сыйлық көрнекті режиссер және монтаж шебері Сикай Тангтың құрметіне аталып, әлеуметтік және мәдени тақырыптарды терең әрі жаңашылдықпен зерттейтін деректі картиналарға беріледі.
Жүлде небәрі екінші жыл табысталып отырғанмен, қазірдің өзінде AAIFF деректі бағдарламасының ең беделді марапаттарының бірі.
«Нью-Йоркте көрнекті әйел-кинематографистің атындағы марапатты алу – мен үшін үлкен құрмет. Маған қазылар алқасының мүшелері келіп, оқиға, кейіпкерлер көңілінен шыққанын, поэтикалық кино тілі қатты ұнағанын айтты. Мен өте толқып тұрмын. Бұл марапатты 14 күн бұрын өмірден өткен фильмнің басты кейіпкері – әжемнің рухына арнадым. Шығармашылық топқа алғыс айтамын», – деп бөлісті фильм режиссері Алина Мустафина.
Фильмнің продюсері Еркежан Мақсұт та марапатқа қатысты пікірін білдірді.
«Команда үшін марапаттың орны бөлек. Қазақстандық фильмнің мұндай жүлдеге ие болуы үлкен қуаныш. Бұл бізді шабыттандырады», - деді ол.
Фильмде Лябиба есімді кейіпкер 1944 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қайтыс болған әкесінің қабірін іздейді. Туынды түп-тамырын танығысы келген әрбір адам үшін жан тебірентерлік.
Бұл жоба бұған дейін де халықаралық деңгейде мойындалып үлгерді – фильмнің әлемдік премьерасы Пусан кинофестивалінде, еуропалық премьерасы Туринде өтті. Кинокартина Алматыдағы «Бастау» фестивалінде «жарқын дебют» жүлдесін, ал Тегеранда өткен Cinéma Vérité фестивалінде «Үздік халықаралық фильм» жүлдесін жеңіп алған болатын.
AAIFF 1978 жылдан бері жыл сайын өткізіліп, азиялық және азиялық-америкалық кинематографистер үшін маңызды алаң болып табылады.