Жаңалықтар

Астанада өзбек киносының күндері өтуде

6-7 тамыз аралығында Chaplin кинотеатрында Өзбекстанның кино күндері өтуде. Елорда тұрғындары өзбек кинематографтарының екі фильмін тегін тамашалайды.
Бірінші фильм – «Абдулла Орипов: Тәуелсіздік әншісі» киносы. Туындыда Өзбекстан мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақыны Абдулла Ориповтың өмірі мен шығармашылығы баяндалады. Екінші фильм «Яша, хотин!»(Жаса, әйел!) комедиясы отбасылық құндылық тақырыбын әзілмен ашады.
«Өзбекстанмен сенімді серіктестік кино саласында да нығайған.Бұған біз кеше, Қазақстандағы өзбек киносының күндері аясында тағы бір мәрте көз жеткіздік. Тәуелсіздікке тәу етуге шақыратын, түбі түркі елдердің бауырластығын паш ететін танымал тұлға Абдулла Орипов жайлы фильм көпті тебірентті. Бүгін Chaplin Cinemas кинотеатрында «Яша, хотин!» көркем фильмдін тамашалауға Сіздің де мүмкіндігіңіз барын айтқым келеді. Өздеріңіз білетіндей, Өзбекстанмен байланыс жібі үзілген емес. Бұған дейін, 2021 жылы бауырлас елдер Кино саласын дамыту мақсатында меморандум жасасқан. Өзбек киносының да өзінше тартымдылығы, танымы мен көзқарасы барын көрермен жақсы біледі. Сондықтан отандық киногерлер осындай шаралар арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік табады», - деді Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
2024-08-07 13:03