«Бауырына салу» фильмінің операторы Азияда үздік атанды
«Бауырына салу» фильмінің операторы Жанарбек Елеубек AWFF (Азия дүниежүзілік фестивалінде) «Үздік операторлық жұмыс» жүлдесін еншіледі. Халықаралық кинофестиваль Азия кинематографистері үшін ауқымды алаң саналады.
Бұған дейін режиссер Асхат Кучинчереков түсірген «Бауырына салу» фильмі еліміздің атын халықаралық аренада таныстыру үшін «Оскар комитетіне» ұсынылған болатын.
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген фильм қолында өскен жеткіншектің оқиғасын баяндайды. Әжесі қайтыс болғаннан кейін ол өзінің ата-анасына оралуға және бөтен адамдармен жаңа ортада қарым-қатынас құруға мәжбүр болады.