Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform
12 мамырда Астанада Қазақстан мен Татарстанның бірлескен жобасы болып табылатын «Тарлан» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картинаны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қолдаған.
Фильм – қазақстандық Almapictures және татарстандық Татаркино киностудияларының бірлескен туындысы. Режиссері – Юлия Захарова, продюсерлері – Алмагүл Тілеуханова мен Миляуша Айтуғанова. Сценарий авторы – кинодраматург Бекболат Шекеров.

Сюжет татар әдебиетінің классигі Ғалымжан Ибрагимовтың «Алмачуар» атты әңгімесіне негізделген. Бұл – Зәкір есімді бала мен оның Тарлан атты тұлпары арасындағы жүрек тебірентерлік достық хикаясы. Фильм баланың ер жетуі, жалғыздықпен күресі және ішкі рухани дамуы тақырыптарын қозғайды. Басты кейіпкер шынайылықты, адалдықты және түсіністікті жануар досынан табады.
Шара барысында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Әділет Омаров бұл жобаны халықаралық бірлескен фильмдердің табысты үлгісі ретінде бағалады.
– Кино орталығының басты бағыттарының бірі – халықаралық ынтымақтастық аясында отандық кинематографияны дамыту. Бұл тек шетелдік актерлерді тарту мен фильмдерімізді басқа елдерге таныстыру ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасуға, актерлердің біліктілігін арттыруға және кинотуындыларды кеңінен насихаттауға жол ашады. Сондықтан біз әрбір киножобалар байқауда бірлескен жобаларға ерекше мән береміз. Себебі олар жаңа көкжиектерге жол ашады. Болашақта да идеологиялық тұрғыдан маңызды, мағынасы терең фильмдерді қолдап, олардың өндірісіне күш саламыз, – деді Әділет Омаров.

«Тарлан» фильмі 15 мамырдан бастап кең экранға жол тартады. Бұған дейін бұл туынды халықаралық деңгейде жоғары бағаланған. Оның әлемдік премьерасы Оңтүстік Кореяда өткен ICAFF Filming Award кинофестивалінде өтіп, «Үздік фильм» номинациясында топ жарған. Сонымен қатар, фильм Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалінде көрермендер көзайымы жүлдесіне, Улан-Удэ қаласындағы «Хрустальный Нерпёнок» фестивалінде «Үздік бала рөлі» және балалар қазылар алқасының жүлдесіне, БАӘ-дегі Al Ain халықаралық кинофестивалінде қазылар алқасының жүлдесіне және Париждегі қазақстандық кинофестивальде режиссерге арналған арнайы жүлдеге ие болған.
– Бастысы, фильм автордың идеясын жеткізгенін қалаймын. Баланың жетілу кезеңінде қиындықтар кездесуі мүмкін, ата-анасымен түсінісе алмауы да заңды. Фильмде осы мәселелер ашық көрсетіледі. Біз көрермендер, әсіресе жасөспірімдер өтпелі кезеңдердежалғыз еместігін ұғынып, маңызды сұрақтарға жауап тапса екен дейміз, – деді фильмнің продюсері Алмагүл Тілеуханова.

Айта кетейік, фильмде Қазақстан мен Татарстанның белгілі актерлері өнер көрсеткен. Олардың қатарында Бекежан Маясаров, Ергенбай Абу, Ержан Нұрымбет, Алсу Әбілханова, Айиша Сатаева және басқалар бар.
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform