Бүгін Қытайдың Чунцин қаласындағы Юнчуань ауданында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің халықаралық кинофестивалі басталды. Фестиваль 7 шілдеге дейін жалғасады. Бұл мәдени шара ШЫҰ елдері арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуға және кино саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Фестивальге Қазақстан атынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өкілдері, сондай-ақ еліміздің танымал продюсерлері мен режиссерлері қатысуда.

Биылғы фестивальдің «Алтын Камелия» атты негізгі байқау бағдарламасына 10 елден 20 фильм енді. Әр елден екі туынды ұсынылған. Қазақстанды келесі фильмдер таныстырады:
«Операция Набат» (режиссер Рашид Сүлейменов) – Қазақстан құқық қорғау органдары жүргізген ірі арнайы операция туралы шынайы оқиғаға негізделген драма. Фильм «Қазақфильм» киностудиясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген.
«Ағайындылар» (режиссер Дархан Төлегенов) – 15-тен астам халықаралық жүлдеге ие болған фильм. Картина Германияда өткен Oldenburg халықаралық кинофестивалінде Spirit of Cinema марапатын алған. Фильмді Golden Man Media студиясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген.

Фестиваль аясында 11 негізгі іс-шара жоспарланған, олардың қатарында байқау фильмдерінің көрсетілімдері, ынтымақтастыққа арналған форумдар, кинотехнология көрмесі мен гала-концерт бар. Қытайдың Мемлекеттік кино істері басқармасы басшысының орынбасары Цинь Чжэньгуйдің айтуынша, жеңімпаздар 10 номинация бойынша анықталады. Арасында «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий» және актерлік шеберлік номинациялары бар.
Фестивальдің қазылар алқасына ШЫҰ елдерінен 9 белгілі кинематограф енген. Олардың ішінде қазақстандық продюсер Тасболат Мерекенов, ресейлік продюсер Вадим Быркин, беларусь режиссері Иван Павлов, қырғыз актері Сұлтан Усувалиев және басқалары бар. Қазылар алқасының төрағасы – Қытайдың танымал продюсері әрі сценаристі Жэнь Чжунлунь.

Фестиваль бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Кинематография басқармасының бас сарапшысы Айгерім Тұрғанбаева ой бөлісті.
«Бүгінде қазақстандық кино халықаралық аренада жиі танылып жүр. Режиссерлеріміздің жұмыстары беделді фестивальдерге қатысып, жоғары баға алуда. Бұл отандық кино сапасының артқанын және оның бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Қазақстан кино саласындағы халықаралық әріптестікке әрдайым ашық, бұл – бірлескен жобалар, тәжірибе алмасу немесе шығармашылық серіктестіктер. ШЫҰ елдерінің кинофестивалі фестивалі халықаралық мәдени байланыстарды нығайтудың жаңа кезеңіне айналатынына сенеміз», – деді ол.
Юнчуань ауданы соңғы жылдары киноиндустриядағы инновациялық орталықтардың біріне айналды. Бүгінде мұнда кино және телевидение саласында 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Айта кетейік, Қазақстан – Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) маңызды қатысушысы. 2001 жылы құрылған сәттен бастап, еліміз қауіпсіздік, экономика және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бойынша диалогты дамытуға белсенді түрде атсалысып келеді. Алайда геосаясат пен экономикадан бөлек, мәдени дипломатия, соның ішінде кинематография, ШЫҰ елдері арасындағы байланысты нығайтудың маңызды құралына айналып отыр.