25 маусымнан бастап «Әбіл» көркем фильмі кең прокатқа шықты.
Фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. Картинаның режиссері – Елзат Ескендір, басты рөлді Ерлан Төлеутай сомдады.
Айта кетейік, «Әбіл» фильміндегі рөлі үшін Ерлан Төлеутай Дублинде өткен XIII Silk Road International Film Festival және Бішкек халықаралық кинофестивалінде «Үздік актер» атанды. Сонымен қатар картина Францияның Везуль қаласында өткен 31-ші Халықаралық Азия кинофестивалінде қазылар алқасының Бас жүлдесін (Grand Jury Prize), киносыншылар қазылар алқасының жүлдесін (Critics' Jury Prize) және NETPAC қазылар алқасының жүлдесін (NETPAC Jury Prize) жеңіп алды.