2025 жылдың 2 желтоқсанында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат «Қолжетімді кино» жобасын жүзеге асырудағы келесі маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Жоба аясында тифлотүсініктемесі бар фильмдер еліміздің арнайы кітапханаларында қолжетімді бола бастады.
Бұған дейін, 2024 жылы, осыған ұқсас келісім Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханамен жасалған болатын. Сол келісім негізінде өңірдегі балалар үшін бірнеше фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. Әсіресе, басты кейіпкері жергілікті азамат болып табылатын «Боксшы» фильмі зор қызығушылыққа ие болды. Сондай-ақ, көру қабілетінен айырылса да, жігері мен өмірге деген сенімін жоғалтпаған дзюдошы, Паралимпиаданың күміс жүлдегері Ерғали Шәмей туралы түсірілген биографиялық фильм де көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Қарағандылық әріптестердің тәжірибесі ақтөбелік мамандар үшін үлгі болып, олар да өз оқырмандарына отандық фильмдерді қолжетімді ету мақсатында Кино орталығына ұсыныс білдірді. Жаңа келісімге қол қою жобаның мүмкіндіктерін кеңейтіп, ұлттық киноленталардың одан да үлкен аудиторияға қолжетімді болуына жол ашады.