Венгрия астанасы Будапештте Қазақстан киносы күндері өтіп жатыр. Іс-шара аясында шетелдік көрермен заманауи қазақ кинематографиясымен таныса алады. Бағдарламадағы фильмдердің бірі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген «QAITADAN» картинасы.
Көрсетілімдер тарихи Uránia National Film Theatre кинотеатрында өтіп жатыр. Іс-шара отандық кинематографияны шетелде кеңінен танытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Венгрия арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
«QAITADAN» фильмін көрерменге картинаның продюсері Жалын Тілеубергенов таныстырды. Ол жоба бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып, фильмді түсіру тәжірибесімен бөлісті. Картинаның халықаралық бағдарламаға қатысуы қазақ киносын венгриялық көрерменге таныстыруға және заманауи отандық кинематографияға деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.
Іс-шараға дипломатиялық корпус, мемлекеттік және мәдениет мекемелерінің, киноиндустрияның өкілдері, қазақ диаспорасы, сондай-ақ Венгрияда білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысты. Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнел Бақытбекқызы құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан киносы күндерінің бағдарламасы қазақтың көрнекті әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әміре» тарихи-өмірбаяндық фильмімен ашылды. Көрсетілімдер топтамасын ана махаббаты, отбасылық құндылықтар мен күрделі тарихи оқиғалар аясындағы адам тағдырларын баяндайтын «Анаға апарар жол» драмасы аяқтайды.