новости казакша

Құрманбек Жұмағали Наурыз мерекесімен құттықтады

Ардақты ағайын, баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын!

Наурыз табиғат түлеп, жаңарған сәтте есіктен енетін ақ пейіл мен татулықтың мерекесі ретінде қазақпен біте қайнасып келе жатыр.

Жыл сайын ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысын айшықтайтын бұл күн үлкен сән-салтанатпен тойланып келеді.

Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген наным бар. Ендеше, ұлт рухының биіктігін, тегінің тектілігін, салт-дәстүріміздің салтанатын паш етер Ұлыстың Ұлы күні шаңырақтарыңызға қуаныш шаттығымен, бақ-берекесімен келсін!

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауына айналған Әз-Наурыз ырыс, несібе әкелсін!

Айналамыз аман, төңірегіміз түгел, бауырымыз бүтін болғай!

Құрметпен,
Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали