22 қыркүйек күні неміс кино сарапшысы Карл Шенфельдтің Kazakh producers go global (Carl Schoenfeld) онлайн воркшопы басталды. Қазақстандағы Гете-Институт пен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған іс-шара қатысушылары еуропалық кино өндірісінің ерекшеліктерімен, құқықтық аспектілерімен танысып, қаржыландыру мүмкіндіктері мен продюсерліктегі жеке байланыстардың маңыздылығын мысалдардың негізінде көрді. Жас режиссерлер, сценаристер мен продюсерлер алған білімдерін өз жобаларын питчингке дайындау барысында қолдана алды, бұл питчинг 13 қазан, воркшоптың соңғы күнінде өткізілді.
Карл Шенфельдтен басқа, питчингке арнайы шақырылған Dagstarfilm киноомпаниясының басшысы (https://dagstarfilm.de/en/dagstarfilm), неміс продюсері Дагмар Нихаге (Dagmar Niehage) фильмдердің таныстырылымына қатысты өз пікірін білдірді. Ол ұсынылған жобалар өте қызықты және кәсіби деңгейде болғанын, ал қатысушылар өте жақсы дайындалғанын атап өтті.
Питчинг те воркшоп сияқты тек ағылшын тілінде өтті, оның фильмдерді халықаралық деңгейде ілгерілетудегі маңыздылығын Шенфельд мырза бірнеше рет атап өткен еді. Қатысушылар неміс кино сарапшысымен еркін сөйлесіп, болашақта өз жұмыстарын дамыту үшін қажетті және пайдалы ақпарат алды.
Ақпарат үшін
Карл Шенфельдтің кино индустриясы мен теледидарда отыз жылдан астам тәжірибесі бар. Оның BBC, Channel 4 / Film 4 және BFI-мен жасаған жобалары жаңа технологияларды қамтып, жаңа жұмыс үрдістерін енгізді және таланттардың халықаралық мансабына жол ашты. Карл «Мой брат Том» фильмінің жұлдызы Бен Уишоуға продюсерлік етті, режиссер Эдгар Рейцпен бірге «Родина III» телехикаясын, Tall Stories үшін көркем фильмдер сериясын шығарды және Raindance Rawtalent үшін Raindance өндірісін құрды. Сонымен қатар, ол Саймон Рамлидің «Живые и мертвые» фильміне продюсерлік етті. Киноиндустрияда үлкен тәжірибесі бар маман ретінде оны фестивальдерде, киномектептерде және оқу ұйымдарында, сондай-ақ Еуропа, Азия және Кариб бассейні елдеріндегі бірлескен өндіріс нарықтарында сөз сөйлеу үшін үнемі шақырады. Ол BAFTA дауыс беру құқығы бар мүшесі, швейцариялық кино өндірісінің Largo.ai стартап-кеңесшісі және Оксфордширдегі ScreenTalk негізін қалаушы. Сонымен қатар, Карл Британдық кино институтында және Оксфорд университетінде сценаристикадан сабақ береді, онда суретшілер мен зерттеушілердің шығармашылық қауымдастықтарын басқарады. Студенттік жұмыстары BBC, Netflix, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей және Германия кинотеатрларында, сонымен қатар Канн мен Берлинді қоса көптеген халықаралық кинофестивальдерде көрсетілген.
Dagstarfilm - Кельнде орналасқан, балалар, жасөспірімдер және отбасылық фильмдер шығаратын, сонымен қатар жас еуропалық киноға ерекше назар аударатын жоғары сапалы халықаралық көркем және деректі фильмдер шығаратын тәуелсіз кино компаниясы. Компанияның ел ішінде де, шетелде де байланыстар желісі кең. Компанияның басшысы – продюсер Дагмар Нихагенің АҚШ, Канада, Норвегия, Франция, Израиль, Дания, Литва, Италия және Ұлыбританияның продюсерлік компанияларымен ынтымақтастық орнатуда тәжірибесі мол.
Гёте-Институт – Германия Федеративті Республикасының мәдени мекемесі, оның бөлімшелері әлемнің көптеген елдерінде қызмет атқарады. Бұл мекеменің қызметі шет елдерде неміс тілін таратуға және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Гёте-Институт Германияның мәдени, қоғамдық және саяси өмірі туралы өзекті ақпаратты тарату арқылы бүкіл әлемге өз елі жайлы объективті ақпарат-мәлімет береді.
25.10.2021