новости казакша

Солтүстік Америкада «Сабыр» фильмінің премьерасы өтеді

Торонто қаласындағы Peaks Central Asian Film Festival аясында «Сабыр» фильмінің Солтүстік Америкадағы премьерасы өтпек.

Ұлттық кино орталығы қолдаған фильм жақында халықаралық UMUT кинофорумында да топ жарып, «Үздік режиссер» жүлдесін еншіледі.

Фильмде дертке ұшыраған оқушының асқақ арманы суреттеледі. Дислексияға ұшыраған балақай қолдан жасаған ұшағы мен Мадам де Ларош есімді тауығын көкке ұшыруға талпынады.

Айта кетейік, халықаралық деңгейде ел абыройын асқақтатқан орталықтың туындылары аз емес. Былтыр әлемдік аренада қазақстандық үш фильм топ жарды. Олар Asia Pacific Screen Awards – Азия Оскары саналатын азиялық беделді киносыйлығын иеленді.

Оның ішінде Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу», Дархан Төлегеновтың «Ағайынды» фильмдері бар.