5 наурызда «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады.
Қазіргі таңда Кино орталығына конкурсты өткізу ережелеріне қатысты бірқатар сауал келіп түсті. Бұл материалда біз жиі қойылатын сауалдарды тарқатқымыз келеді.
– Мемлекеттік қаржыландыруға кім өтініш бере алады?
– Ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобаларды іріктеу қағидаларына сәйкес, өтініш беруші «кинематографиялық қызмет субъектісі» бола алады. Бұл ұғым «Кинематография туралы» ҚР Заңында тарқатылған және қызметінің негізгі түрі киноөндіріс болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаны білдіреді, ол ЭҚЖЖ 59-сыныбына сәйкес келеді: «Кино, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар шығару, дыбыс жазу және музыкалық шығармалар шығару саласындағы қызмет».
– 2025 жылғы киножобалар байқауының басым тақырыптары қандай?
– Ұлттық киноны қолдау орталығы бұған дейін биыл бекітілген басым тақырыптарды жариялаған болатын. Осы жылы кинематография өкілдеріне ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, қоғамға қажет туындыларды таспалау ұсынылады. Басым тақырыптарға сай сценарийлер конкурстық іріктеуге қатысуға және сәтті өткен жағдайда мемлекеттік қаржыландыруға үміткер болуға мүмкіндік алады.
Конкурста келесі тақырыптар қамтылады:
- Тарих және оның құндылығы, көрнекті тұлғалар
- Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау
- Патриотизм, туған өлкенің көркем табиғаты
Басым тақырыптардың толыққанды тізімі орталықтың ресми сайтында қолжетімді.
– Конкурстық іріктеу қалай өтеді және өтінімдерді тапсыру мерзімі қандай?
– Ережеге сәйкес, конкурстың бірінші кезеңінде әуелі сценарий мен сценарий жоспарлары қабылданып, Сараптама кеңесінің қарауына жіберіледі. Бұл жерде ескеретін жайт, үміткерлер сценарийді конкурс жайлы хабарландыру жарияланғаннан бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, Кино орталығына электронды түрде жолдауы қажет. Құжаттар 5 наурыз бен 13 наурызға дейін (12 наурыз сағат 23:59) дейін қабылданады.
Бұл ретте Сараптама кеңесі жобаларды анимациялық, ойын, деректі-хроникалы фильмдер бойынша сүзгіден өткізуге дайын. Екінші кезеңде құжаттар пакеті қаралып, анықталған қателерді түзетуге 3 күн уақыт беріледі. Ашық қорғау, яғни питчинг онлайн трансляция арқылы өтеді.
– Өтінім беру үшін қандай құжаттар қажет?
– Конкурстың І кезеңіне қажетті құжаттар тізбегі мынадай.
- Киножобалардың сценарийін немесе сценарийлік жоспарларын қарауға өтініш
- Ойын фильміне PDF форматындағы сценарий, анимациялық фильмге PDF форматындағы 2 басты кейіпкердің сценарийі мен эскизі, деректі және хроникалық фильмдерге арналған сценарий жоспары
- Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмесiмен қоса өтiнiш берушi мен сценарий немесе сценарий жоспары авторының арасындағы авторлық шарт немесе алдын ала шарт
Айта кетейік, конкурстық іріктеуге қатысу құқығына ие болу үшін үміткерлердің салық берешегінің болмауы, банкроттық рәсімге тартылмауы маңызды.
– Киножобалар қандай критерийлер бойынша таңдалады?
– Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Орталық 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушілер ұсынған құжаттарды Сараптама кеңесінің қарауына енгізеді. Сценарийлерді немесе сценарий жоспарларын сараптама кеңесінің мүшелері фильм түрлері бойынша секцияларда қарастырады: ойын фильмі, анимациялық фильм, деректі-хроникалы фильмдер.
Сараптама кеңесі киножобалардың сценарийлерін немесе сценарийлік жоспарларын 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мына сәйкестікке сай қарайды:
1) басым тақырыптарға;
2) киножобаның сценарий тұжырымдамасы немесе сценарий жоспары;
3) сюжеттің құрылымы;
4) драматургия принциптеріне;
5) киножобаның сценарийін немесе сценарий жоспарын техникалық пысықтау;
6) кейіпкерлер мен диалогтардың бейнелері мен кейіпкерлерін ашу.