Жаңалықтар

«Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде көрсетіледі

Биылғы 26-шы Халықаралық Шанхай кинофестивалінің негізгі конкурсында Қазақстан тарапынан режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» фильмі бақ сынайды.

Фестиваль маусым айының 14-23 аралығында өтеді. Оған Франция, Аргентина, Испания, Германия, Иран, Қытай секілді елдердің туындылары да ұсынылады.

Айта кету керек, «Талақ» фильмі Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген. XX ғасырдың 20-30 жылдарын көз алдыңа әкелетін бұл туындыға елді күштеп ұжымдастырудың салдары, сол кездегі халықтың өзекті мәселелері, әйел тағдыры арқау болған.

«Фильм қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің «Талақ» және «Әже» шығармаларының желісімен түсірілді», – дейді фильм режиссері Данияр Саламат.