Өткен жылы питчингте топ жарған жобаның бірі – «Шырмауық». Режиссер Азамат Шарғын қазір фильмнің дайындық кезеңдерін пысықтап жатыр. Алдағы уақытта фильм үлкен экранға шығып, көрерменін қуантатын болады.
Бастысы, шығармашылық топ оған сақадай сай. Фильмнің операторы халықаралық бәйгелерде алға шығып жүрген Еркінбек Птыралиев, продюсері білікті маман Ардагер Сантыбаев. Көркемдік жетекшісі – қазақ киносында қолтаңба қалыптастырып келе жатқан Сәбит Құрманбек.
Ұлттық кино орталығы қолдаған жоба ұлттық реңктегі киноны паш етуге бекініп отыр және авторлық-интеллектуалдық бағыттағы фильмде адамзатқа ортақ құндылықтар ұлттық менталитет тұрғысынан сарапқа салынбақ.
Айта кету қажет, түсірілім Қарағанды және Алматы облыстарында жоспарланған.