Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы конкурстық іріктеудің екінші кезеңінің қорытындысын шығарды. Ұсынылған материалдарды қарау нәтижесінде 95 киножоба 2026 жылғы питчингке – ашық қорғау кезеңіне қатысуға жолдама алды. Питчинг қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржылай қолдауға және ұлттық фильм мәртебесіне үміткер жобалар анықталады.
Конкурстық іріктеудің финалдық кезеңіне өткен жобалардың толық тізімі сілтеме арқылы қолжетімді.
Еске сала кетейік, киножобалар конкурсы биылғы жылдың 1 наурызында басталды. Іріктеудің екі кезеңі аясында Кино орталығының мамандары қатысушыларға Астана қаласындағы Орталық кеңсесінде, телефон арқылы, сондай-ақ ресми сайт пен әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен онлайн-сұраныстарға жауап беру арқылы қолдау көрсетті.
Биыл да конкурс кәсіби кино қауымдастығы тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Бірінші кезеңге электронды форматта барлығы 323 өтінім қабылданды. Ұсынылған материалдарды тексеру нәтижесінде 277 өтінім Сараптама кеңесінің қарауына жолданды. Бірінші кезең қорытындысы бойынша сценарийлер мен сценарийлік жоспарлар форматында ұсынылған 107 жоба екінші кезеңге өтті.
Екінші кезеңде қатысушылар құжаттардың толық пакетін электронды форматта ұсынды. Құжаттарда қателіктер жіберген немесе толық емес пакет тапсырған үміткерлерге ескертулерді түзету үшін үш жұмыс күні берілді.
«Кино орталығы үшін конкурстық іріктеудің ашық, әділ әрі объективті өтуі – басты қағидаттардың бірі. Барлық кезеңдер бекітілген талаптар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылуда. Біз әр қатысушыға тең мүмкіндік беруге және конкурстың барынша ашық өтуін қамтамасыз етуге басымдық береміз. Биыл питчингке өткен жобалар заманауи қазақстандық киноның дамуына серпін беріп, ұлттық киноның мазмұны мен сапасын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен жобаларын сәтті қорғауды тілеймін», – деді Кино орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
Іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен жобалардың ашық қорғауы 22–24 мамыр аралығында Алматы қаласында өтеді. Барлық процесс Кино орталығының ресми YouTube арнасында онлайн көрсетіледі.
Ашық қорғау кестесі сілтеме арқылы қолжетімді.