Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген «Клубничная принцесса» фильмі Венгриядағы Papa International Historical Film Festival кинофестивалінде қос жүлде қанжығалады.
Венгрияда фильмді режиссер-дебютант Ілияс Антар Ахмет таныстырды. Сондай-ақ «Үздік ер адам рөлі» аталымындағы жеңіс фильмде басты рөлді сомдаған Қамбар Нұрғали үшін алғашқы халықаралық сыйлық болды.

«Бұл – жарқын естеліктерге толы фильм. Отбасы, жастық шақтағы махаббат, Кеңес одағының ыдырау кезеңдерін қамтыған фильм ерекше әсер сыйлайды деп сенеміз», – дейді картина режиссері.
Атап өту керек, биыл бұл байқауға Қазақстанмен қатар Германия, Испания, Греция, Болгария, Ұлыбритания және басқа да елдердің киногерлері қатысты.
«Қазақстан біздің байқауға алғаш қатысып отыр және бұл сәтті шешім болды», – деді бұл ретте фестиваль директоры, режиссер және продюсер Жольт Пошгай.