Ұлттық киноны қолдау орталығы киножобалардың бірінші кезеңі бойынша конкурсқа өтінім қабылдауды аяқтады. Биыл конкурсқа 444 өтінім түсті, оның 357-сі Сараптама кеңесінің қарауына жіберілді. Олардың ішінде 242 өтінім – көркем (ойын) кино секциясына, 32 өтінім – анимация секциясына, ал 83 жоба – деректі-хроникалық фильм секциясына бағытталған.
Бұл орайда Сараптама кеңесінің төрағасы Бауыржан Шөкенов сценарийлерді қарауға қатысты ой-пікірімен бөлісіп, отандық киноның дамуы туралы негізгі тенденцияларды атап өтті.
«Сценарийлерді таңдау бойынша бірінші кезең енді басталды, бірақ біз үміткерлер тарапынан жоғары қызығушылықты байқайдық. Әртүрлі секция бойынша біршама жоба түсті – тарихи драмадан бастап, фантастика мен әлеуметтік драмаларға дейін ауқым қамтылды. Қорытынды жасауға әлі ерте болса да негізгі тенденциялар көңіл қуантады.
Біріншіден, ұсынылған сценарийлерде авторлар маңызды мәселелерді зерттеуге ұмтылған. Көптеген жұмыс тарих, отбасылық құндылық секілді өзекті тақырыптарды қозғайды, бұл жобалардың жоғары деңгейде ойластырылғанын көрсетеді. Алайда сюжеттің динамикасы мен драматургиялық құрылымын сақтау көбіне қиындық туғызып отыр, ал бұл көрерменді тартуда маңызды рөл атқаратынын ұмытпаған жөн.
Екіншіден, барлық жоба кинотеатр форматына бейімделмегенін атап өту керек. Кейбір сценарий фестивальдік артхаус жобаларына немесе сериал форматында жақсы көрінерлік шығармаларға ұқсайды. Алайда Сараптама кеңесі алдымен қызықты сюжет, күшті бейнелер мен көркем драматургияны ұсынатын кинематографиялық сценарийлерді іріктеуге күш салатын болады.
Үшінші мәселе – диалог пен кейіпкерлер. Кейбір сценарийде қызықты образдарды әлі де өңдеу қажет. Кейіпкерлер айқын болуы тиіс, олардың диалогтары шыңдалғаны жақсы», – деп атап өтті Бауыржан Шөкенов.

Сондай-ақ, Сараптама кеңесінің төрағасы өткен жылғы конкурс іріктеуі кезінде кездескен мәселелерді де айта кетті.
«Авторларға ескерту жасау керек, себебі клишелер мен қайталау – бұрыннан жиі кездесетін дүние. Кейбір сюжеттер мен кейіпкерлер бұрыннан белгілі оқиғаларды қайталайды. Оригиналды тәсілдер мен тақырыпқа ерекше көзқарас табу маңызды. Сондай-ақ, сценарийлердің құрылымы әлсіз жағдай жиі кездеседі: идеялар қызықты, бірақ драматургиялық құрылым бұзылған. Біз барлық детальдарды мұқият зерттей отырып, ашықтыққа мән береміз», – деді ол.
Сценарийдің маңызын Сараптама кеңесі төрағасының орынбасары Назира Мұқышева мен көркем кино секциясының мүшесі Алия Мендығожина да жеткізді.
«Әлем киносының көрнекті шебері Альфред Хичкок: «Ұлы фильм түсіру үшін үш нәрсе қажет: сценарий, сценарий және тағы да сценарий» деген. Бұл сөздер маңызды афоризмге айналды. Демек, қазақстандық киноның бүгіні мен болашағы алдымен жақсы сценарийге тәуелді. Комиссия мүшелері жобаларды мұқият зерттеп, Кино орталығы жариялаған барлық талаптарға сәйкес келетінін таңдайды. Өткен жылдағыдай, биыл да көркем, деректі және анимациялық фильмдер үшін көп сценарий түсті. Бұл, сөзсіз, киноға деген қызығушылықтың көрінісі», – деді Назира Мұқышева.

Сараптама кеңесінің міндеті – үздік жұмыстарды сүзгіден өткізу. Кеңес мүшесі Әлия Меңдығожинаның айтуынша, биыл көркем фильм секциясында 242 өтінім қаралады.
«Жұмыстарды қарау кезінде авторлардың белгіленген тақырыпты аша білуіне, шынайы эмоциялардың болуына назар аударамыз. Себебі кино, ең алдымен, жүректі қозғау керек», – дейді маман.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Сараптама кеңесі ұсынылған жобаларды зерделеуді жалғастыруда.