Вьетнамның Кинематография департаменті шетелдік киножобалардың түсірілімін сүйемелдеуге маманданған жергілікті компаниялардың тізімін жасақтады. Бұл қазақстандық продюсерлерге түсірілімді дайындау және өткізу кезінде Вьетнамдағы бейінді серіктестерге тікелей жүгінуге мүмкіндік береді.
Аталған тізім Қазақстанның Вьетнамдағы Мәдениет күндері аясында Ханойда өткен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидың Вьетнам Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің Кинематография департаментінің Бас директоры Данг Чан Кыонгпен кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде әзірленді.
Кездесу барысында тараптар қазақстандық түсірілім топтарының Вьетнамда жұмыс істеуіне қатысты практикалық мәселелерді, соның ішінде қажетті рұқсаттарды алу, жергілікті ұйымдармен және өндірістік серіктестермен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылады.
«Біз үшін екі елдің кино саласы арасындағы ынтымақтастықтың жекелеген жобалар шеңберімен шектелмей, жүйелі әрі ұзақ мерзімді серіктестікке ұласуы маңызды. Вьетнамда шетелдік түсірілімдерді ұйымдастырып, сүйемелдейтін компаниялармен тікелей байланыс орнату қазақстандық продюсерлерге түсірілім жұмыстарын неғұрлым тиімді әрі үйлесімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Вьетнамдағы жұмыс үдерісін жеңілдетіп, екі елдің шығармашылық өкілдері арасындағы бірлескен жобаларға жол ашады», – деді Құрманбек Жұмағали.
Тізім отандық кинопродюсерлерге Вьетнамдағы әлеуетті серіктестерді алдын ала анықтап, түсірілім жұмыстарын ұйымдастыру кезеңінде қажетті қолдауға жүгінуге мүмкіндік береді.