конкурс 2025кз

Киножобалар байқауына қатысты ақпараттар Орталық сайтында қолжетімді

Алда жарияланатын киножобалар байқауының алдында Кино орталығы ресми сайтты арнайы бөліммен толықтырғанын хабарлайды.

Сайттың «Конкурс-2025» бөлімінде іріктеуге қатысты Ереже мен нақты ақпараттар екі тілде де қолжетімді. Сонымен қатар сауал қалдыру, кері байланыс орнату тетігі қарастырылған.

Киножобалар байқауы 5 наурызда басталады. Бұған дейін, яғни 2024 жылы қаржыландырылатын ұлттық фильмдерді іріктеу ережесі өзгерді. Жаңа ереже 12 сәуір күні қолданысқа енді.

«Басты міндетіміз – көрермен қауымға сапалы туынды ұсыну. Бұл бағытта талап-ережені жетілдіру назардан тыс қалған емес. Есте болса, өткен жылы киногерлердің ұсынысы негізінде Ұлттық киноны қолдау орталығының киножобаларды іріктеу конкурсына өзгерістер енгізген болатынбыз. Бірінші кезекте тек сценарий мен сценарий жоспарлары талданса, кейінгі кезеңде құжаттар қаралып, анықталған қатені түзеуге 3 күн уақыт берілді. Қорытынды кезең – питчинг барысында ашықтық пен әділдік туын көтеру басты ұстанымға айналды.

Алда жаңа конкурс жақын. Бұл конкурс та осы ережемен өтеді. Биыл да талаптардың тасада қалмауына, сценарийдің басым тақырыптарға сәйкес келуіне, сюжет құрылымы мен драматургия принциптеріне баса назар аударылады», – деп атап өтті Ұлттық кино орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Айта кетейік, биыл кино түсіруге арналған басым тақырыптар Орталық сайтына орналастырылды.