Биыл прокатқа шығатын фильмдердің қатарында «Күзгі самал» туындысы бар. Кинокартина қырғыз жазушысы Тәліп Ибраимовтың шығармасы негізінде түсірілген. Фильмнің режиссері – Әділ Мерекенов.
«Күзгі самал» – драмеди жанрындағы фильм, ол тағдырдың ауыр сынақтарымен бетпе-бет келген жалғызбасты ер адамның ішкі толғанысын баяндайды. Сюжет күрделі өрілген, алдымен басты кейіпкер өмірмен қош айтысқысы келген әйелді аман алып қалады. Содан соң күтпеген оқиғалар легі жалғаса түседі. Жоба адамгершілік, махаббат пен сүйіспеншілік секілді маңызды құндылықтарды дәріптейді», – дейді режиссер.
Фильмнің түсірілімі Ыстықкөлдің көркем табиғатында жүргізілген және ол туындының атауымен астасып, ерекше әр береді. Әдемі атмосфера фильмдегі эмоционалдық тереңдікпен үйлесіп, біртұтас картинаға айналады.
Айта кетейік, туындыны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық қино орталығының қолдауымен «Медетфильм» компаниясы түсірген.