Жаңалықтар

Семей полигоны туралы деректі фильм түсірілуде

Деректі фильм тарихты тарқатады, таным көкжиегін кеңейтеді. Ұлттық кино орталығы бұл бағытты жандандыруда қалыс қалған емес. Қазір –ткен жылы питчингтен өткен «Мы здесь живем» фильмінің түсірілімі жалғасып жатыр. Туындының режиссері Жанана Құрмашева болса, продюсері Бану Рамазанова.

Аталған фильм экология тақырыбын ашып көрсетпек. Документалистиканы насихаттайтын жобаның мән-мағынасы, көрерменді өзіне тарту тәсілі ерекше болмақ. Шығармашылық ұжым түсірілімнің бірінші кезеңін Астанада, Семейде және полигонға жақын орналасқан Саржал ауылында өткізді. Түсірілім барысында куәгерлердің шындығы, сынақтың салдары мен мұрағат материалдары қамтылып отыр.

Сынақ полигоны – ауқымды тақырып. Бастысы картинада Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқаны, осылайша әлемге үлгі болғаны айтылады. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таядролық қарусыз әлемді құру – Қазақстанның аса маңызды бағыты екенін алға тартқан болатын.
2024-08-16 10:52