Бүгін Астанада Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали мен Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге кездесті.
Кездесу барысында тараптар кино және мәдениет салаларындағы қазақстан-француз ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады. Әсіресе, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Францияның мәдениет министрі Рима Абдул-Малакпен келіссөздер жүргізіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эммануэль Макронның сапарларынан кейін екі ел арасындағы мәдени байланыстар ауқымды жобалар арқылы нығаятынын атап өтілген болатын.
Осындай жобалардың бірі — Канн халықаралық кинофестивалі аясында Қазақстанның Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Францияның Ұлттық кино және анимация орталығы арасында қосымша ынтымақтастық келісімінің жасалуы болды.
Меморандум аясында екі елдің киностудиялары бірлесіп, «Победителей видно на старте» көркем фильмін түсірді. Қазір монтаж жұмыстары аяқталуға жақын, ал фильмнің премьерасы биылға жоспарланып отыр.
Кездесу барысында балаларға арналған анимациялық өнімдерді дубляждау, көркем фильмдерді қазақ және француз тілдеріне аудару, сондай-ақ ұлттық контентті халықаралық нарықтарға ілгерілету тетіктерін дамыту перспективалары да талқыланды.
Кездесу соңында Құрманбек Жұмағали Сильван Гиогені Астанада өтетін «Игроманка» көркем фильмнің жабық көрсетіліміне шақырды.