Қазақстандағы Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығы халықаралық Канн фестивалі аясында ынтымақтастық туралы қосымша келісімге қол қойды. Маңызды қадам қос ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтып, киноиндустрия саласын дамытуға бағытталған.
Меморандум аясында тараптар екі елдің кино өнімдерін өз аумақтарында таратуға жәрдемдесуге, атап айтқанда, Ұлттық кинематография және анимация орталығы ұсынатын арнайы көмек көрсету тетігі арқылы Францияда қазақ фильмдерін таратуға қолдау көрсетуге, немесе Қазақстан аумағында таратылатын француз фильмдерін қазақ тіліне дубляждауға жергілікті көмек көрсетуге жұмыс істейтін болады.

«Кино өнімдерін шетелде тарату – мәдени әралуандықты ілгерілетудің маңызды факторы. Бұл орайда Франциядағы Ұлттық кинематография және анимация орталығы қазақстандық әріптестерге кино өндірісін халықаралық деңгейде ілгерілетуге қатысты сараптамаларын бөліседі. Бұл – тәжірибе толыстыруға таптырмас мүмкіндік», – дейді Қазақстандағы Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
Айта кету қажет, өткен жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Францияның Мәдениет министрі Рима Абдул-Малакпен кездескен болатын. Кездесуде Аида Балаева Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макронның өзара сапарларынан кейінгі Франция мен Қазақстан арасындағы байланыс ірі мәдени жобалармен жалғасатынын атап өтті.
Осындай кездесу мен бірлескен киножобаларды қолдау туралы келісімдер екі елдің мәдени және шығармашылық байланыстарды қарқындатуға деген ұмтылысын байқатады. Бұған қоса ынтымақтастық кино саласындағы өзара іс-қимылдың жаңа перспективаларына жол ашпақ.