«Алатау» балалар клиникалық санаторийінде онкологиялық аурулардан кейін ремиссия кезеңіндегі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін «Мама, я живая!» көркем фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті. Картина Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Асау-Ат» қоғамдық қорымен бірлесіп түсірілген.
Көрсетілім ауыр дертпен бетпе-бет келген отбасыларға психологиялық және эмоционалдық қолдау көрсетуге бағытталды. Ана махаббаты мен лейкемияға қарсы күрес туралы оқиға көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Фильм аяқталған соң залдағы көрермендер орындарынан тұрып қошемет білдірді.
Іс-шара 2024 жылдың қыркүйегінде өмірден өткен қазақстандық режиссер, сценарист және продюсер Азиз Заировтың рухына да арналды. «Мама, я живая!» оның «Безграничные возможности» инклюзивті трилогиясының қорытынды бөлімі болды.

Картинаны көрермендерге режиссердің жұбайы, қоғам қайраткері әрі қоюшы-суретші Наталья Баженова, қосалқы режиссер және сценарий авторларының бірі Мұхамед Мамырбеков, басты рөлді сомдаған Султанна Шенгель, сондай-ақ басты рөлдердің бірін орындаған қазақстандық музыкант Ільяс Аутов таныстырды.
Көрсетілімнен кейін көрермендер мен фильмнің шығармашылық тобының кездесуі өтті. Қатысушылар картинаның түсірілу тарихы мен негізгі идеясын талқылап, көрермендер өз әсерлерімен бөлісті.
Еске сала кетейік, «Мама, я живая!» әлеуметтік драмасы Францияда өткен Cannes 7th Art Awards кинофестивалінің Гран-при жүлдесіне ие болған.