Режиссер Асхат Кучинчирековтың фильмі Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. Фильм жақында «Тұлпар» ұлттық сыйлығын алған болатын және Оскар комитетіне «International Feature Film» номинациясы бойынша Қазақстанның атынан қатысуға ұсынылып отыр.
Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында ұйымдастырылады.
Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады. Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақыру алады. «International Feature Film» санатындағы мүсіншеде ел, фильмнің атауы және режиссердің есімі көрсетіледі.