Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы Сараптама кеңесінің жаңа құрамымен кездесті. Биыл Кино орталығы жанындағы сараптама кеңесінің құрамы жаңартылды. Оған кино, әдебиет, мәдениет саласындағы мамандар, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары кірді. Басқосуда алдағы киножобалар конкурсының ережесі талқыланып, министр Сараптама кеңесінің мүшелеріне үлкен жауапкершілік артылатынын алға тартты.

Киногерлердің ұсынысы бойынша жаңа ереже өткен жылдан бастап қолданысқа енген болатын. Бұл өз кезегінде үміткерлердің талап-ережені сақтауына, ашықтықты қамтамасыз етуге жол ашып отыр. Өзгеріске сай, конкурстық іріктеу екі кезеңде жүзеге асады. Бірінші кезең – фильмдердің сценарийін немесе сценарий жоспарларын қарау. Екінші кезеңде тақырыптық жоспарға сай келетін, Сараптама кеңесі іріктеген жобалардың құжатын жинақтау жүзеге асырылады. Құжаттарды тапсырғаннан кейін үміткерлерге анықталған қателерді түзеуге 3 күн уақыт беріледі. Орталық құжат қабылдау аяқталғаннан кейін талапқа сай келетін өтініш берушінің құжатын Сараптама кеңесінің қарауына жібереді. Содан кейін ашық қорғау, яғни питчинг жұмыстары басталады.
«Кино – креативті индустрияның көшбасшысы. Елімізде бұл мәселеге ерекше көңіл бөлініп келеді. Былтыр Қазақстанда 16 ұлттық фильм прокатқа шықса, биыл 14 жаңа кинотуынды жарық көреді. Олардың қатарында халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігін баяндайтын «Капитан Байтасов» фильмі, футбол туралы «90+1» кинокартинасы және тағы да басқа маңызды мәселелерге негізделген туындылар бар.
Жақында өтетін киножобалар конкурсында да мән-мағынасы бар осындай жобаларға, мазмұн мен сапаға басымдық беріледі. Мемлекеттен бөлінетін әр тиынның есебі, сұрауы бар. Қаражат та сараптаудан өткен лайықты туындыларға бөлінеді. Бұл орайда Сараптама кеңесінің мүшелері жауапкершілікті терең сезініп, конкурс кезеңдерінде әділ шешім шығаруға, ашық конкурс өткізуге атсалысуы қажет. Ол ел ішінде ғана емес, әлемдік кинонарықта өз орнын табатын отандық киноөндірісті жандандыруға мүмкіндік береді. Ұлттық мүддеге, ұлттық идеологияға сәйкес келетін жобалардың артуына сеп болады», – деді министр.

Өткен жылдан бастап Сараптама кеңесі мүшелерінің дауыс беру механизмі түзетілді. Жаңа қағидаға сай, Кеңес мүшесі киножобаның авторы болса, түсірілім тобының мүшесі болса немесе авторлармен қандайда бір туыстық байланыста болса, дауыс беруге қатыса алмайды. Сондай-ақ, кеңес мүшелерінің бұған дейін Сараптамалық кеңес қаржыландыруға ұсынылған киножобада жұмыс істеуіне немесе ақылы қызмет көрсетуіне тыйым салу қарастырылған. Бұл қадам киножобаларды қарау және қаржыландыру процесінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Айта кетейік, қаңтар айында Кино орталығы 2025 жылға арналған киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптарды жариялаған болатын. Сценарий жазу, ой жинақтау үшін киногерлерге 60 күн көлемінде уақыт берілді.