«Дала қасқыры» фильмінің актерлері Канадада топ жарды
«Дала қасқыры» фильмі Канададағы Fantasia Film Festival фестивалінде топ жарды. Фильм актерлары Берік Айтжанов пен Анна Старченко «Үздік актер» атанып отыр. Сонымен қатар фильм операторы Еркінбек Птыралиев Оскар академиясының мүшесі болды.
Режиссер Әділхан Ержановтың фильмі бұған дейін Reims Polar 2024 кинофестивалінде де марапатталған болатын. Айта кетейік, аталған фильмді Ұлттық кино орталығы қолдаған. Фильмде жоғалған ұлын іздеген Тамара есімді әйелдің оқиғасы баяндалады. Ол көмекке жүгіну үшін детектив жалдайды және бұл шешімі күтпеген салдарға әкеледі.
Айта кету керек, бұл «Дала қасқырының» бірінші жетістігі емес. Бұдан бөлек, ол өткен жылы Роттердам кинофестивалінде жоғары бағаланған еді. Фильм 15 тамыздан бастап кинотеатрларға жол тартады.