Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттік қаржылай қолдауға үміткер киножобаларды іріктеу конкурсының екінші кезеңіне құжат қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.
Биыл конкурсқа электронды түрде тіркелген сценарий мен сценарий жоспарларының жалпы саны – 444, оның ішінде 357 жоба Сараптама кеңесінің қарауына ұсынылды. Сараптама кеңесінің оң қорытындысына ие болған 128 жоба конкурстың екінші кезеңіне жолдама алған болатын.
Екінші кезең бойынша егер құжаттар толық ұсынылмаса немесе қателер анықталса, өтініш берушілерге кемшіліктерді түзету үшін 3 жұмыс күні беріледі. Бұл өзгеріс конкурстық процестің әділдігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
Қазір Кино орталығы қатысушыларға арналған консультациялық қолдауды жалғастыруда. Кеңес алу үшін өтініш берушілер келесі байланыс құралдарын пайдалана алады:
• Телефон: 8 (7172) 72 56 69
• Әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға хабарлама жазу
• Оффлайн кеңес алу үшін: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, №30 мекенжайындағы орталық кеңсесі (дүйсенбі-жұма күндері)
Ұлттық киноны қолдау орталығы конкурстық процестің ашықтығын қамтамасыз етіп, киноиндустрия өкілдеріне қолдау көрсетуге дайын.