Бүгін, 6 шілде күні, Қытайдың Чунцин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің халықаралық кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Биылғы фестивальге қатысушы мемлекеттер екі толықметражды фильмнен ұсынып, негізгі «Алтын камелия» байқау бағдарламасына қосылды. Жалпы конкурсқа 20 фильм қатысты.
«Үздік актер» аталымында жеңіске қазақстандық актер Бақыт Қажыбаев қол жеткізді. Ол бұл марапатты «Операция Набат» фильміндегі басты рөлі үшін иеленді.
Сахнада қазақстандық актер өз алғысын білдірді.
«Осындай беделді халықаралық фестивальде марапат алу мен үшін үлкен құрмет. Ең алдымен, фестиваль ұйымдастырушыларына, қазылар алқасына және қабылдаушы тарапқа шын жүректен алғысымды білдіремін. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына және Ш. Айманов атындағы “Қазақфильм" киностудиясына осы маңызды жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін айрықша алғыс айтамын. Бұл – тек менің ғана емес, фильмге жан-тәнімен еңбек сіңірген бүкіл шығармашылық топтың жеңісі. Шынайы оқиғаға негізделген бұл хикая тек Қазақстан көрерменінің ғана емес, халықаралық аудиторияның да жүрегінен орын тапқанына қуаныштымын», – деді актер.
«Операция Набат» фильмінің режиссері - Рашид Сүлейменов. Туынды 1992 жылы Қазақстанда болған шынайы оқиғаға негізделген. Фильмде 30 адамды кепілге алған лаңкестерге қарсы арнайы операция адам шығынынсыз аяқталады.Фильм ерлік, кәсіби шеберлік және патриоттық рухты паш етеді.
Фильм Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.

Байқауға ұсынылған екінші қазақстандық туынды – режиссер Дархан Төлегеновтің «Ағайындылар» драмасы. Бұл фильм бұған дейін 15-тен астам халықаралық марапатқа ие болған, оның ішінде Oldenburg халықаралық кинофестивалінде Spirit of Cinema Award жүлдесі бар.
Биыл қазақ киносв ШЫҰ фестивалінде фокус-секцияда ұсынылды. «Ағайындылар» фильмі арнайы бағдарлама аясында көрсетілді.
Байқау бағдарламасын ШЫҰ елдерінің танымал кинематографтарынан құралған тоғыз адамнан тұратын халықаралық қазылар алқасы бағалады. Оның құрамына Қазақстан атынан продюсер Тасболат Мерекенов, Ресейден Вадим Быркин, Беларусьтен режиссер Иван Павлов, Қырғызстаннан актер Сұлтан Ұсұвалиев және басқалар енді. Қазылар алқасының төрағасы – қытайлық продюсер әрі сценарист Жэнь Чжунлунь болды.
Фестиваль аясында кинонарық ұйымдастырылды. Қазақстанның ұлттық стендінде Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының негізгі киножобалары ұсынылды. Онда 25-тен астам көркем, деректі және анимациялық фильмдердің трейлерлері көрсетілді. Экспозицияның визуалды бөлігіне «Қайтадан», «Күзгі самал», «90+1», «Ұлы дала тынысы», «Капитан Байтасов» және басқа да фильмдердің постерлері енді.

Чунциндегі ШЫҰ халықаралық кинофестивалі – гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ұлттық киноөндірісті ілгерілетуге арналған маңызды мәдени алаң. Оған Беларусь, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қытайдан келген кино саласының өкілдері қатысты. Қазақстан бұл алаңда ұлттық киноиндустрияның жоғары деңгейін көрсетіп, маңызды жетістіктерін таныстырды.