Жаңалықтар

Конкурс 2026: екінші кезеңге құжаттарды қабылдау аяқталды

2026-05-06 17:48
Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттік қаржылай қолдауға үміткер киножобаларды іріктеу конкурсының екінші кезеңіне құжат қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Конкурстық үдерістің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында, іріктеудің екінші кезеңінде қателіктер жіберген немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбаған үміткерлерге оларды түзету үшін 3 жұмыс күні беріледі.

Кино орталығы қатысушыларға арналған консультациялық қолдауды жалғастыруда. Кеңес алу үшін өтініш берушілер келесі байланыс құралдарын пайдалана алады:

•қоңырау шалу: 8 (7172) 27 25 28

•Орталықтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы

•жеке кеңес алу: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30 (дүйсенбі-жұма күндері).

Биыл конкурсқа электронды түрде 323 өтінім келіп түсті. Алдын ала материалдарды тексеру нәтижесінде 277 жоба Сараптама кеңесінің қарауына жіберілді. Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеудің екінші кезеңіне сценарийлер мен сценарийлік жоспарлар түрінде ұсынылған 107 киножоба өтті.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы конкурстық рәсімдердің ашықтығын жүйелі түрде қамтамасыз етіп, іріктеудің барлық кезеңдерінде қатысушыларға кәсіби қолдау көрсетуді жалғастыруда.