Іс-шаралар

Вильнюс таланттарды іздейді

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Вильнюс халықаралық кинофестивалімен бірлесіп TalentsNest бағдарламасына қатысуға конкурс жариялайды. Бұл бағдарлама – Балтық, бұрынғы Кеңес Одағы және Кавказ елдеріндегі аудиовизуалды өнімдердің өндірушілерін біріктіруге бағытталған «Кездесу орны – Вильнюс» атты ауқымды жобаның бөлігі.
TalentsNest бастамасы салаға енді келген кинематографистерді индустриямен, онда жұмыс істейтін мамандармен және бір-бірімен таныстыруға, жеке байланыс желісін құруға арналған. Биыл іс-шара 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында онлайн форматта өтеді, қолданылатын тіл ағылшын тілі.
Кім қатыса алады?
Режиссер, продюсер, сценарист, киносыншы мамандақтарына оқып жатқан студенттер.
Қатысу үшін не керек?
08.03.2022 дейін masters@kazakhcinema.kz электронды мекен-жайына ағылшын тілінде уәждемелік хат жолдау қажет.
Сәттілік тілейміз!
22.02.2022